Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Адам еңбекпен шыңдалады слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Адам еңбекпен шыңдалады слайд,презентация

 

 

Адам еңбекпен шыңдалады
Ер дәулеті – еңбек.
Еңбексіз іс бітпейді.
Еріншектің қолы жетпейді.
Ердің атын еңбек шығарар.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.
 Көздеріңді жұмсаңдар да болады. 
Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. 
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, 
махаббат пен адалдыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Әкесі  6 гектар егіс жер алған. Сол-ақ екен қауырт жұмыс басталады да кетті. – 
Тұр балам, көктемнің әрбір күні жылға азық- дейді әкесі.
Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі. Олар сәбіз, картоп, жуа, жүгері, қауын, қарбыз егеді. Асан жазғы каникулын егін басында өткізді.
Биыл өнім жаман болмас - , деді әкесі, жайқалған көкөністерге көз салып қойып, - еңбек етсең, Жер –ана да иіп сала береді-, дейді. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар теңкейіп көздің жауын алады.Сауда бақшалықта –ақ қызды. Оқудан келісімен Асан  атызға асығады, әке-шешесінекөмек беруі керек. Өзімен бірге оқитын Айкүміс екеуі бірге отырып қауын жеді. 
Қауының не деген тәтті!- деді Айкүміс. Асан быраз марқайып қалды. Егін
басында сауда қызып, қауын-қарбызды көлікпен келіп, тиеп, әкетіп жатты. Әкесі бүгін өте көңілді. 
Ертең менімен бірге жүріңдер- деді үш ұлына. Базарға апарып не керек болса соны алып береді.  Балалар мәз болады. 
Жаз бойғы еңбектеріңнің жемісі ғой-  деп күлді әкесі.
- Білім терең теңіз бе?
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым-
Осы екеуі деңіз де,-
Дейді атам,- білімді
Еңбекпенен сен ізде!

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 3065 | Теги: Адам еңбекпен шыңдалады, презентация, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]