Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Құқық

Қазақтың әдет-ғұрып заңдары және құқықтары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақтың әдет-ғұрып заңдары және құқықтары слайд,презентация

 

 

АЛҒЫ  СӨЗ
Қазақстан Республикасы егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз
өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін
танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып
отыр. Ол мемлекеттің даму тарихы мен байланысты.
Кез-келген қоғамның даму кезеңін талдай отырып, бастапқы кезеңдегі
заң нормаларын аттап өтуіне болмайды. Бұл жалпы құқықтың орнығуына,
теориялық, тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақтың  дәстүрлік құқығы өте ұзақ, жүздеген жылдар бойы
қалыптасып, дамыды.
Дәстүрлік құқықтық институттарға, соның негізінде қаланатын
материалдық әрі сот ісін жүргізу нормалары бар заң жиынтығы еді. Ол
қысқа, оңай есте қалатын, сонымен бірге ұтымды сөз тіркестерінен құралған
заң жүйесі.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық өмірді арнайы бақылап, оны
жүйелі түрде зерттеп-зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның
бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуірлеріне барып тіреледі. Әдет-
ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұнғыш түрі. Ол сол қоғамдағы
адамдар қажетін өтеуге арналған институттарды қалыптастырды. Әдет
құқұғы өзінің ішкі мәні мен мазмұны, сыртқы түр сипаты, іс-қимылды реттеу
жалпы болмысы адамзат мәдениетінің ерекше туындысының көрсеткіші
екендігіне шүбә жоқ.
Қазір осы әдет заңдарын іздестіру, жинау, жүйелеу және зерттеу ісіне
көңіл бөлінуде. Қазіргі    атақты ғалым-заңгерлеріміз С.З.Зиманов,
Ғ.С.Сапарғалиев, Н.Өсерұлы, М.С. Нәрікбаев, З.Ж.Кенжалиев т.б. көптеген
ғалымдар қазақтың ата заңының бастаулары мен қайнар көздерін тереңнен
зерттеуде.
Осылайша халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетін толық
игермей, оны өзіміздің мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы
етпей Республикамызда құқықтық мемлекет құруымыз мүмкін емес.
Әдет заңдары өз бастауларын тереңнен алған. Тайпалық одақтар сол
кездегі әдет заңдарымен биленді. Соның ішіндегі ең құндысы саяси
мұрагерлік әдет заңдары болды. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың
қоғамдық құрылысына әскери демократиялық белгілері тән болды. Оның
құрылысының әлеуметтік негізі қандас-туыстас және одақтас тайпалар
болды. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылар да әскери демократия
сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың тұрақты одақтарын құрды,
өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның ұйытқысы рулар еді. Соғыс
бола қалған жағдайда олар өздерінен рубасылар бастаған әскер жасақтарын
шығарды. Ғұндардың одағы 24 бөлшектен құралған, олардың әрқайсысын
рубасылар басқарған.
Ғұндардың ел билеушісін «Тәңір-құты» деп атаған. Ғұндардың б.з.д.
ІІІ ғасырда: «Ұлықтардың лауазымы мен мәртебесі атадан балаға мұра болып
қалады»1 - деген заңы болған. Бұл заңда мұраға қалатын атаның тағы мен
мәртебесі. Тақ билігі – мемлекет басқару билігі, бір елдің саяси, әкімшілік
және әскери билігінің бір қолда шоғырланған көрінісі. Мәртебе – ризық,
атадан балаға қалған ел, жер және байлық. Елді билеп келген мәртебелі
әкенің сіңірген еңбегі даусыз, ол көз жұмарда тақты ұлына қалдыруы да
заңды. Оның ұлдары мен әулеті ел билеу істеріне араласады, ел басқарудың
қыры мен сырына қанығып өседі, үйренеді, жетіледі, даярланады. Бұл ел
билігін сенімді қолға тапсырудың және оны сабақтастырудың алғы шарты.
«Үйсіндер ғұндармен әдеттес». Үйсіндердің мұрагерлік заңында «Әке
өлсе, ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер» деген бар. Үйсіндер ел билеушісін
«Күнби» деп атаған. Үйсіндердің саяси өмірінде «билер Кеңесі» болған.
«Билер бітімі» біріншіден дауларды шешіп ел ішін алалықтан сақтап келсе,
екіншіден мұрагерлік институтқа да ықпал жасаған, яғни билер мұрагерлік
заңды бұзуға жол бермеуге тырысқан.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Құқық | Добавил: Admin (05.03.2015)
Просмотров: 656 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]