Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Құқық

Қаржылық саясат және қаржылық механизм слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қаржылық саясат және қаржылық механизм слайд,презентация

 

 

Қаржы нарығы — өте күрделі жүйе, онда ақша және басқа қаржы активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді.
қаржы нарығы келесі себептер бойынша экономикада басты рөл атқарады: 1) оның арқасында ақша қаражаттарын өндіріске салып, елдің өндіріс қуатын нығайту, қор әлеуетін жинақтау; 2) қаржы нарығының көмегімен инвесторларға ең көп пайда әкелетін кәсіпорындар мен салалардың дамуы жеңілдетіледі; 3) қаржы нарықтарында іске асырылатын капиталдардың құйылуы ғылыми-техникалық прогрестің (өрлеудің) шапшаңдатуына жағдай жасайды. Қаржы нарығы қаржы қорларының тез қозғалысы мен нәтижелі пайдалануын қамтамасыз етеді.
Қаржы нарығының негізгі міндеті ақша қаражаттарының иелерден пайдаланушыларға қозғалыстағы делдалдықта тұрады.
қаржы нарығының міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады: - қаржы нарығы әр жерден келген уақытша пайдаланбайтын капиталды жұмылдырады; - уақытша пайдаланбайтын жинақталған капиталды көптеген түпкі тұтынушылар арасында нәтижелі таратады; - инвестиция аясында капиталды пайдаланудың ең нәтижелі бағыттарын анықтайды;
- сұраныс пен ұсыныстың ара қатынастарын объективті түрде көрсететін жеке қаржы құралдары мен қызметтердің нарықтық бағаларын қалыптастырады; - қаржы құралдарын сатушы мен оларды сатып алушылар арасында білікті делдалдықты іске асырады; - қаржы тәуекелін азайтуға жағдай жасайды; - капиталдың айналымын шапшаңдатады (тездетеді), яғни экономикалық процестерінің белсенділігін көтереді.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Құқық | Добавил: Admin (07.04.2015)
Просмотров: 1079 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]