Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Жылқы малы,жылқы шаруашылығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жылқы малы,жылқы шаруашылығы слайд,презентация

 

 

 

Жылқы шаруашылығы — мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке – тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына – күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды,мойыны шомбалдау,қысқа,көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.
Қазақ жылқылары ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді, жем – шөпті талғамайды,үнемі далада жайылымда жүріп күнелтеді.
Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты. Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім. 
Жылқы өнімі 
Еті мен сүтінің адам ағзасына пайдасы
Қазақ халқыүшін жылқы қасиетті мал. Оның еті мен сүті өте шипалы.  Еті жесең қорытуға жеңіл,  сіңуі тез, өте пайдалы.Жылқы етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға  , буын сүйектерді жібітуге т.б. қолданылады.  Сондай ақ ірі қара малдың асқазаны ауырғанда,  балапандар мен тауықтардың ащы шегінде қабыну белгілері байқалғанда қолдануға болады.Міне бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жинап, қажетіңізге жаратуға болады.Биенің  сүтінен қымыз ашытады. Қымыз ауырған адамға ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады.Жаңа сауған сүтттің дәмін татып көрсеңіз байқайсыз. Құрамында  «С» дәрумені көп болады.Қымыздың емдік қасиеттері әсіресе туберкулез ауруын емдеу үшін пайдалы.                   Қымыз қазақ халқының сүйіп ішетін сусыны. Биеден күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге дейін сүт сауылады. Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (22.03.2015)
Просмотров: 1897 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]