Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Жігіт сұлтаны слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жігіт сұлтаны слайд,презентация

 

 

 

Мақсаты: 
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы    
келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді, Отанды сүюге, 
Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. 
 Байқау шарты:
«Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі».         (Өзін таныстыру.)
«Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)
 Қойылатын талаптар: 
Ұлттық киім.
Сахна мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.
    4) Әр сыныптан 10 жанкүйер болу керек.

(Сайыс-байқау)
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:    Береке де осында,
            Мереке де осында.
            Болып жатыр той-думан
            Қырандардың қосында.
1-жүргізуші:    Асқақтаған ән дайын,
            Күмбірлеген күй дайын.
            Ал, кәнекей, қырандар!
            Босқа қарап тұрмаңдар!
            Бастап жігіт өнерін,
                алыстарға самғаңдар!

2-жүргізуші:     Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
        
1-жүргізуші:    Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді
2-жүргізуші:    Ей жігіттер!
            Сендерге артар міндет көп.
            Көтер биік ата салтын құрметтеп
            Ақтай білсең ата-баба үмітін
            Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар:    Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық.    Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай?
1.    Түйе – Ойсылқара
2.    Жылқы – Қамбар ата
3.    Қой – Шопан ата
4.    Ешкі – Шек-Шек ата
5.    Сиыр – Зеңгі баба
№2 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.
1.    Қаңтар                7.    Шілде
2.    Ақпан                8.    Тамыз
3.    Наурыз                9.    Қыркүйек
4.    Сәуір                10.    Қазан
5.    Мамыр                     11.    Қараша
6.    Маусым                        12.   Желтоқсан
№3 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
            І. Жылқы - құлын 
            ІІ. Сиыр - бұзау 
            ІІІ. Қой – қозы
            ІҮ. Ешкі – лақ            
№4 асық.         Жыртқыш құстардың атын ата. 
            Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық.     Қазақ халқының салт-дәстүр, 
        той-томалақтарын  атап шық, біреуін  
                   түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (20.06.2014)
Просмотров: 3978 | Теги: жігіт сұлтаны, презентация, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]