Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Жеңіл атлетика жаттығулары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жеңіл атлетика жаттығулары слайд,презентация

 

 

 

 

Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. 
Олимпиадалық ойындар 1896 жылдан
Дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. 
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. 

Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын  Ш.Бекбаев алды (1943). 

Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. 

Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді. 

2012 жылы О.Рыпакова Лондон Олимпиадасында ұзындыққа үштеп секіруден басып озып, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 14,98 м көрсеткішке қол жеткізді.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. 
  Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады.       Орташа қашықтыққа - 800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. 
 Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады: 1. Төменгі сөреде тұру. 2. Төменгі сөреден шығу. 3. Ара қашықтық бойы жүгіру. 4. Мәреден өту.

«Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру.
«Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. 
«Жүгір» деген бұйрықта аяқ -қолды тез-тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, қарқын алғанша жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын кесіп өту қажет.
Қысқа қашықтықтарды тек өз жолымен жүгіру керек;
Басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге болмайды;
Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды;
Қатарласа жүгіріп келе жатқан сыныптастарымен әңгімелесуге, оларға тым жақындауға болмайды.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (20.06.2014)
Просмотров: 5802 | Теги: презентация, жеңіл атлетика жаттығулары, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]