Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Сақтар туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сақтар туралы слайд,презентация

 

 

 

        Б.з.д  бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. 6ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеменидтер мемлекеті басады. Б.з.д. 530 және 522 жылдар арасында Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Сақа енедді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахаменидтер не жаулап алады,не бағындырады.
        Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын “желдей жүйрік атты көшпелі турлар” мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл “еңіреген ерлер” деген сөз, ал грек авторларының туындыларында, олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып кеткен.
      

        Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтады. Олардың ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралыбылай деп жазады: “Бұл халық Аракс (тегі Сырдария) өзенінің арғы бетінде, исседондарға қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына қарасақ , скифтерге ұқсайды”. 
         Көне сына жазуларда сақтардың үш тобы туралы сөз айтылады: парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрікті сақтар). Парадарайя сақтары Арал өңірңнде, Сырдария мен Қаратеңіздің теріскей жағында өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары  Сырдарияның орта ағысы мен Тянь-Шаньды мекендеген.
         М.Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады.
        М.Қ. Қадырбаев, аорсылар – Оңтүстік Орал өңірін мекендеген савроматтар тайпаларының бірі деп есептейді. Олардың теріскейінде қоныс-өрісін “әртүрлі ағаштар өсетін қалың орман қаптаған” будиндер, ал олардан да әрі теріскей жақта аңшылықпен айналысатын фиссагеттер мен киркилер жайлап қыстаған. “Асқаралы таулар етегін” мекендеген аргиппейлер Орал  өңірінің оңтүстік шығысында тіршілік кешкен тәрізді: “Грифтердің (бүркітбасты қанатты арыстан –ежелгі аңыздағы аң) алтын қазынасын қорғайтын” аримасп атты сақ тайпалары Алтайда тұрғанға ұқсайды, себебі сол жержен алтын кендерінің орны табылған.

        Шаруашылықтың үшінші түрі- отырықшы шаруашылық. Мұнда халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен айналысып, отырықшы болып қалатын. Ал екінші бөлігі жазғы жайлау мен қысқы өрістерге көшіп, қайтып келіп отырған.
         Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал жылқы, ал екіншісі – шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
         Алтайдағы Пазырық обаларынан табылған 80 ат қалдығының материалдары бойынша жылқының төрт тұқымы белгілі болған.
         Көшпелілердің  үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі – ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой болған. Қазбалар нәтижесінде, қазіргі құйрықты қойлар тұқымына жататын қойлар көп табылған.
         Сонымен қатар сақтар арпа,тары, бидай еккен.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 1148 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]