Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Орта ғасырдағы Қазақстан слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Орта ғасырдағы Қазақстан слайд,презентация

 

 

    V ғасырдан бастап Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар арасында қоғамдық қатынастың жаңа түрі орнаған еді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қоғамдық қатынастың жаңа түрі – феодалдық (немісше феод — "жер”, аль — "иесі”, яғни жердің иесі деген ұғымды білдіреді) қатынастың орнауынан бастап, XV ғасырдағы Қазақ мемлекеті мен қазақ халқының қалыптасуына дейінгі кезең кірген.
    Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болды. Феодалдық қатынастың орнауы Қазақстанның оңтүтігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Феодалдық қатынас соғыс, шапқыншылық, жорықтар негізінде қалыптасты. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастың орнауы болды.
    X—XII ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала жері рабадтар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар мен керуен сарайлар есебінен кеңейе түсті. Бұл кезде Отырар 2000 гектар жерді алып жатты. Қазба жұмыстары көрсетіп отырғанындай, XI—XII ғасырларда қала үйлері көше-блоктарға топтасып, өте тығыз салынған. Үйлердің тұрғын бөліктерінде қабырғаларды бойлай ені 1 —1,20 метр. биіктігі 0,4 метр суфалар (еден төсеніштері) төселген. Еденге дөңгелек және тікбұрышты, дәлірек айтқанда антроморф тәрізді мұржасыз ойық қыш ошақтар орналасқан. Олар қалыппен және ойып жасалған өрнектерге бай. Қалада канализация жұмыс істеді, санитарлық-тазалық тораптары әр үйдің міндетті түрде болуға тиісті қажеттілігіне айналған.
    Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған .
    Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.
    Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.
    Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 1846 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]