Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Нұрлы жол - Нұрлы болашаққа бастар жол слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Нұрлы жол - Нұрлы болашаққа бастар жол слайд,презентация

 

 

«Нұрлы жол-Нұрлы болашаққа бастар жол»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдаудың ең басты түйіні етіп, 

«Қазақстан-ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі екенін»,

 «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағиданың қалыптасқанын және біз, қазақстандықтар, сол қағида аясында баршамыз білек сыбана күш жұмылдырып, орасан зор еңбек етіп, тер төгу керектігімізді түртіп айтты.
-Көлік-логистикалық; -индустриялдық; -энергетикалық; -Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, су және жылумен қамтамасыз ету желілері; - Әлеуметтік -Тұрғын үй инфрақұрылымындарын дамытумен қатар шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділіктерді қолдау бойынша жұмыстар жасау қажет екендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ кезінде құрылған Ұлттық қордың тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканың сыртқы қолайсыз жағдайларына төтеп беруі үшін тиімділігін баса айтумен қатар, Үкіметке ұлттық қордан берілетін қаражаттың әрбір тиынына жауаптанып, тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.

Оған қоса «Нұр Отан» партиясына бұл жұмыстарға белсене араласып, қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырды. Елбасы жол мәселелерін де басты назарға алып, Елордамыз-Астана қаласынан барлық жақтарға автокөлік, теміржол және авиациалық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз деді. Тіпті жүректен тарайтын артериялар мен күннен тарайтын шұғылаларды мысалға алды.
Айта кетерлік маңызды жайттардың біріне тоқталатын болсам Елбасымыздың өткеннің өнегелігінен ғибрат алар, қазіргінін қадірін бойына емірене сіңірер және келешектің кемелділігіне жол бастар, ізбасар ұрпақтың яғни жастардың патриоттық рухын асқақтатумен қатар, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңірту болып табылды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (05.02.2015)
Просмотров: 3480 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]