Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы және жаулап алуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы және жаулап алуы слайд,презентация

 

 

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162жылы, екінші бір деректер бойынша 1155жылы ірі ноян Есугей баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп,Монғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген.1206жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып,онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен монғолдардың әміршісі болып жарияланды.Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің құлқынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы оң қанат (барунғар),сол қанат(жоңғар), орталық (кул) деп үш әскери әкімшілік округке бөлініп,әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмендерге бөлінді.Олар өз кезегінде “мыңдық”, “жүздік”, “ондықтардан” құрылды.Өте қатал тәртібі,мұқият құрылымы бар әскер басында монғолдардың  феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нойондар,багадурлар, мергендер,сечендер тұрды.Шыңғысханға бұлардан басқа өзіне шын берілген 10мың таңдаулы жауынгерден  тұратын кешіктен қызмет етті.Оның көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. 
 Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. 
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. 
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 1045 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]