Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Ұлы Жібек жолы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ұлы Жібек жолы слайд,презентация

 

 

Мақсаты:    Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру
Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту
Түрі: саяхат сабақ   
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: дербес компьютер-1, бейнепроектор-1, АctivBoard, ActivPen, Power Point бағдарламасындағы слайд, дәмдеуіштер, карта, үлестірмелі қағаздар, жануарлардың суреттері, қайшы.
 
Ойынның шарты:   
    Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет. Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып саналады.
Ұ – Дала жануарларын әңгіме желісі бойынша орналастыру
Л – Жол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел
Ы – қала (Испиджаб) 
     Ж – Тауарларын өткізу 
     І – қала (Тараз) 
     Б – Дәмдеуіштерді анықтау
     Е – қала (Отырар) 
     К – ұлттық киім үлгісін көрсету
Ж – қала (Баласағұн) 
О– Ою-өрнек ойып, мәнін түсіндіру
Л – қала (Яссы, Түркістан)
Ы – Ұлттық ойын ережесін таныстыру
    Жаздың аптапты ыстық күндері сырттай қарағанда даладан ешбір тіршілік нышанын байқай алмайсың. Анда – санда бұта түбінен пыр етіп ұшқан бозторғай мен аспада қалықтаған бүркіттен басқа ештеңе көзге түсе қоймайды. Сонымен қатар даланың нағыз сәні – дуадақ.
    Шөл даланы мекендейтін тасбақа, кесіртке, тышқан, саршұнақ, қоян сияқты жануарлар азықтың құрамындағы ылғалмен сусындайды. Құлан, бөкен, сияқты желдей жүйрік жүретін жануарлар суды жер-жерді шарлап, іздеп, тауып ішеді.
    Иен даладан түлкі, қарсақ, қасқыр сияқты жыртқыштарды да кезіктіруге болады.  
Бір көпестің сауда сапарын ортағасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді:
Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген,
Жүк артқан келе жатыр бай керуен.
Жүз жирен түйесіне дирхем артқан,
Тағы да қырық түйе динар артқан.
Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар,
Қызықтырып сәндікпен жібектер сал.
Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып,
Керуенге ерген отыз түйе алған артып.
Ия, керуен жолдары, базар алаңдарындағы сауда мен ақша айналысы бізге тек ақындар мен жазушылардың шығармалары арқылы ғана емес, өмірден түйген ойлары халық даналығы  - мақал-мәтелдер түрінде де жеткен. 
Әлем айнасы – Шығыс базарларында түрлі халықтардың өкілдері бір-бірімен түсінісу үшін тілмаштарың көмегіне жүгінген. “Жеті жұрттың тілінбіл, жеті түрлі білім біл” деген мақал осы кезеңнен туындаған болса керек.

Олай болса, жол, базар, сауда, ақша жайлы мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндігімізді сынап көрелік.
Бз-дың І-ХІХғ  аралығында өмір сүрген бұл қала тарихи-археологиялық нысанның бірі ретіде “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасына енді.
Ірі қалалық орталық болған бұл қала алғаш 629 жылы Сюань Цзянның сапарнамасында “Ақ өзен бойындағы қала” ретінде аталады. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (01.05.2014)
Просмотров: 9034 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]