Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан слайд,презентация

 

 

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
Соғыстың түпкі мақсаты - социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190   дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді.
астық - 5 829 мың тонна, ет - 734 мың тонна, жүн - 17,6 мың центнер, 3194 мың центнер сүт пен басқа да азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп үшін қажетті шикізат
1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың кой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды. Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1 миллион басқа көбейді. Қазақстанның колхоздары, МТС-тер мен совхоздар майдан қажетіне 7 416 трактор (негізінен жаңасы), 110 мың жылқы жіберді.
Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару жоғарғы қарқынмен өсті. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру 1,8 есе, консерві - 1,7 есе, кондитерлік өнімдер - 1,5 есе, макарон өнімдері - 1,3 есеге өсті.
оғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300-дей эвакуацияланған кәсіпорындар салынды. Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды.
1941 жылы күзде БЛКЖО (Бүкілодактық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы) атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды. Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді.
 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе; мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттардың жазғы киім-кешегімен, 70 дивизия - шинельдермен, 67 дивизия — қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киімдермен, 25 дивизия — шолақ тондармен қамтамасыз етілді. 
 1941- 1942 жылдары республикаға 408 мың неміс депортацияланды. 1943-1944 жылдары ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы да жер аударылды. Олардың ішінде Қазақстанға депортациялауға қарашайлар - 45,5 мың адам, балкарлар - 25 мың, чешендер мен ингуштар 406 мың адам душар болды. Сондай-ақ Қазақстанға қалмақтар (2,2 мың), ирандықтар (2 мыңнан аса отбасы), поляктар, финдер, күрдтер, қырым татарлары, түріктер, гректер, батыс беларустар мен батыс уқраиндықтар, литвалықтар т. б. қоныс аударылды. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (13.03.2015)
Просмотров: 984 | Теги: Ұлы Отан, тарих, Қазақстан, соғыс, Ұлы Отан соғысы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]