Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Әлемдік экономика тарихы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әлемдік экономика тарихы слайд,презентация

 

 

 

Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат дамуының өте ұзақ кезеңі болып табылады. Ол адамның жер бетінде пайда болуынан басталып, таптық қоғамның қалыптасуы мен мемлекеттің пайда болуымен аяқталады. Адамзат тарихының көп бөлігі алғашқы тұрмыстық кезеңге келеді. Егер оны бір тәулік деп қарасақ, онда мемлекет өзінің қалаларымен, жазуларымен, тұрақты дамушы техникаларымен және қүрделі қоғамымен тәуліктің аяғында бар-жоғы үш минутта пайда болды деуге болады. 

Алғашқы қауымдық құрылыс келесідей белгілермен сипатталады:
• өндірістік күштер дамуының төмен деңгейімен және олардың баяу жетілдірілуі;
• қоғам дамуының төмен қарқыны;
• табиғи ресурстар мен өндіріс нәтижелеріне ұжымдық иелік;
• әлеуметтік теңдік;
• жеке меншік, қанау, таптар мен мемлекеттің жоқтығы.
Мұнда көбінесе археологиялық сызбалар қолданылады. Соған сәйкес адамзат тарихы еңбек құралы жасалған материалға байланысты үлкен үш кезеңге бөлінеді:
Тас дәуірі: 3 млн жыл бұрын – б.з.д., III мыңжылдықтың соңы;
Қола дәуірі: б.з.д., III мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдыққа дейін;
Темір дәуірі: б.з.д. I мыңжылдық.

Соңғы екі кезең алғашқы мемлекеттік құрылыстың пайда болуымен байланысты. Хронологиялық тұрғыдан алғашқы қауымдық қоғам тас дәуіріне сәйкес келеді. Онда үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:
1)  палеолит (ежелгі тас дәуірі): б.з.д. 3 млн – 12 мың жыл;
2)  мезолит (орта тас дәуірі): б.з.д. 12–8 мың жыл;
3)  неолит (жаңа тас дәуірі): б.з.д. 8–3 мың жыл.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (01.03.2015)
Просмотров: 1102 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]