Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Америка Құрама Штаттары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Америка Құрама Штаттары слайд,презентация

 

 

 

 

Бостондық көпес – катробандашылардың “королі” Джон Хэнкок “Тәуелсіздік декларациясына” қолын бірінші болып қойды. Патриоттардың жетекшілері жас саясаткерлер еді. Демократиялық сенімнің күшіне қарай қарапайым халықтың көбі тәуелсіздікті қолдады. 
АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін соғыс 1775 жылдың 19 сәуірінде стихиялық түрде басталды. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғашқы шайқасы патриоттар үшін сәтті болды. 1775 жылы мамырда жиналған екінші континенттік конгресс америка өкіметіне айналды. Болашақ америкалық мемлекет басшылығына виргиниялық ірі плантация иесі, кейін АҚШ-тың тұңғыш президенті болған Джордж Вашингтон тағайындалды. 
1777 жылдың күзінде еріктілер мен полицияның күшімен Саратога қаласында 7 мыңдық ағылшын корпусы қоршауға алынып, тізе бүкті. Бұл хабар сол кездегі америкалық дипломат Бенжамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті (1778жыл)
1781 жылы қазанның 19-ында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде лорд Корнуолистің 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындар қарсылықсыз берілді. Бұл соғыстың тағдырын шешті
АҚШ пен Англия арасындағы келісімшартқа 1782 жылы Парижде, ал қорытынды келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-інде қол қойды. Бұл келісімшарттың басты нәтижесі – Құрама Штаттардың тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды.
1787 жылы жазда барлық штаттардың өкілдері қатысқан жартылай ресми съезд өтті. Осында федералдық конституция қабылданды. Оның жобасын дайындауға Джордж Вашингтон(1), Бенжамин Франклин(2), Александр Гамильтон(3) және Джеймс Мэдисон(4) қатысты

 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (01.05.2014)
Просмотров: 1815 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]