Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Керейттер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Керейттер слайд,презентация 

 

 

Наймандар, Керейттер және Жалайырлар туралы жалпы түсінік.
Наймандардың пайда болу тарихы.
Керейттердің пайда болу тарихы.
Жалайырдің пайда болу тарихы.
Олардың шаруашылық-экономикалық құрылысы.
Көрші халықтармен езара қатынастары.

    
           Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан моңғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.


    
                   Қазақ халқының құрамындағы наймандардан: терістаңбалы (кейде елата), сарыжомарт(ергенекті найман), төлегетай деген рулар бірлестіктері тарайды. Терістаңбалыдан:мәмбет, рысқұл; cарыжомарттан: балталы, бағаналы, көкжарлы, бура (Найман),қаратай; төлегетайдан: қаракерей, мұрын,төртуыл, матай, аталық (кейбір деректерде кенже), садыр. Келесі бір шежіре нұсқасында наймандардан тоқпан, елата, өкіреш таратылады. Елатадан: келбұға мен кетбұға; өкірештен: төлегетай және сүгіріш; төлегетайдан: қаракерей, төртуыл, садыр, матай тарайды. Сүгіріштен: ертекті, бағаналы, балталы; ертектіден: көкжарлы, сарыжомарт, бура рулары тарайды. Әр рудың өз рулық таңбасы мен ұраны бар. наймандардың ортақ таңбасы – Y (бақан), ұраны – Қаптағай.  


     Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан «найман» деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» аты да қосарлана байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады.
      Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша: «Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, «оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге келеді. ( «оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім). Ал «найман» моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «найман аймақ» ( «сегіз тайпа») деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай бастаған екен.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (01.03.2015)
Просмотров: 972 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]