Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Германияның КСРО-ға шабуылы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Германияның КСРО-ға шабуылы слайд,презентация

 

 

 

  Гитлер Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны (Кеңес Социалистік Республикалар Одағы) жаулап алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барба­росса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт - Ленинград,екінші бағыт - Мәскеу, үшіншісі - Киев қалалары. 
Соғыстың түпкі мақсаты - социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190   дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді.
Сталин Ұлы Отан соғысы қарсаңында көптеген қателіктер жіберді. Біріншіден, Гитлер КСРО-ға шабуыл жасайды деп ойламады. Екіншіден, соғыс қарсаңында шет елден келіп жатқан ақпарат мәліметтеріне сенімсіздікпен қарады. Соғыстың баста- луына бір апта қалғанда 1941 жылғы 14 маусымда ТАСС-тың «Германия КСРО-ға соғыс ашады деген өсек ешқандай шын- дыққа жатпайды» деген мәлімдемесі жарияланды. Кеңес Армия- сының батыс шекарадағы бөлімдері толық әскери дайындыққа келтірілмеді. Гитлер Сталиннің сеніміне толық кіріп алғаннан кейін, соғысты бастауға кірісті.
1941 жылы 22 маусымда таңертеңгі 3 сағат 30 минутта, Германия шабуыл жасаспау туралы Кеңес-Герман шартын бұзып, соғыс жарияламастан КСРО жеріне опасыздықпен басып кірді. Баренц теңізінен Қара теңізге дейінге аралықта орасан зор шайқас басталды.

Жау соққысына бірінші болып шекарадағы 485 застава қарсы тұрды. Бұл застава Белоруссияның батысында орналасқан болатын. Жау күштерінің басымдығына қарамай, олардың бірде-біреуі бұйрықсыз өз орындарын тастап кетпестен, соңғы қарулары қалғанша шайқасты. Олардың бәрі қаза болды. Брест қаласының қорғанысы кеңес жауынгерлері ерлігінің жарқын мысалы болды. Жан-жақтан түгел қоршауда қалған олар азық- түліксіз, сусыз бір ай неміс-фашист әскерлерінің шабуылдарын тежеп тұрды. Олар: майор П.М.Гаврилов, капитан Зубачев, полк комиссары Е.М.Фомин, қазақстандық Ө.Жұматов пен Е.Фурсовтар еді. Кеңес әскерлері кескілескен табанды күрес жүргізе отырып, шегінуге мәжбүр болды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (27.02.2015)
Просмотров: 1090 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]