Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі философия феномені слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі философия феномені слайд,презентация

 

 

 

 

Шығыс мәдениетіндегі табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзгерістерді сыйқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдіретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт болып қалыптасуына қажетті алғашқы шарт болды. 
Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі-тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, бұрмаламай жеткізу.
    Космостық эволюция, цикл, тәртіп, жүйе және өзара байланыс – Рита құдайының заңдарына сүйенеді. Рита – заттардың, нәрселердің барысы туралы заң немесе заңдылық. Бұл идеяның негізінде – нәрселер,заттар тіршілігінің өзгеріссіз қозғалысытуралы пікір жатыр. Рита- сезімдік құбылыс, ол рухани дүниеге дейің пайда болды; заттық,тәндік дүние- Ританың көрінісі. 

      Заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін емес, сананың нәрселер құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу. 
      Осыған байланысты Үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі; «пракрити»-материалды сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер, елестер. 

Чарвака-локаята
   
Негізін қалаушы - дана Брихаспатиді. Чарвака Үнді философиясында жалғыз материалисттік мектеп. 
Философиялық көзқарастары. Танымның сенімді көзі- тікелей,сезімдік қабылдау. Танымның тікелей емес жолдарының барлығы сенімсіз және адастырушылыққа тірейді. Біздің сезімді қабылдауға негізделген тәжірибеміз бір ғана дүниенің материалды және тәндік дүниенің бар екенін дәлелдейді. Құдайды, құдайларды сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, сондықтан оның бар екендігін айту негізсіз. 
Онтологиясы. Барлық объектілер төрт элементтен: от, ауа, су, жерден тұрады. Адам санасы материяның жемісі. Материяның элементтері санаға ие емес және олар құрайтын көптеген объектілерде де сана жоқ, сана тәнсіз немесе тәннен тыс тіршілік ете алмайды, сондықтан тән өлімінен кейін сана жойылып, қуанышты не қайғыны сезінетін ештене қалмайды.
Этикасы. Ақылды адам осы дүниелік өмірде барынша рахаттанып, азап-қайғыдан арылуға ұмтылуға тиіс. Демек рахат күйге апаратын әрекеттің барлығы жақсы. Қайғы әкелетін нәрселер – жаман. Ал рахат күйге жеткізетін басты құрал –байлық,сондықтан оған ұмтылу қажет. Чарвака мектебінің кейбір өкілдері басты рахат күйлер тізіміне тамақты, ішімдікті, жыныстық ләззатты, молшылықты атаса, кейбірі рахат күйдің ізгі, нәзік түрлерін (өнерді) жатқызды. 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (31.03.2015)
Просмотров: 610 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]