Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Ежелгі грек мүсіндері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ежелгі грек мүсіндері слайд,презентация

 

 

 

Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. 
      Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.

    Ежелгі грек мүсіндерінің ең әйгілі мүсіндерінің бірі бүгінде Париж қаласында орналасқан Лувр галереясында орналасқан. Венера Милосскаяның – Милос аралынан болған Афродита махаббатының әйел құдайының мүсіні біздің заманымызға дейін шамамен 130-100 жылдары ақ мәрмәрден жасалынған. Қазіргі таңда аталған мүсін жер шарындағы ең ескі скульптуралардың бірі болып есептеледі.
       Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (28.02.2015)
Просмотров: 739 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]