Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Әдептілік әліппесі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әдептілік әліппесі слайд,презентация

 

 


Сабақтың мақсаты:

    Оқушыларды адамгершілікке, қарпайымдылыққа, 
кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз 
халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман 
әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу.
    Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды 
ажырата отырып, әдептілік әліппесін бойына дарыту, 
тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
    Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді 
бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасау 
дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.
Үй тапсырмасын сұрау.
Х.У.Кашифидін әдептілік ережелерімен танысу.
Сұрақ-жауап.
“Құпия хаттарға” кеңес беру.
Үйге тапсырма
    Әдеп сөзі-қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. 
Әдеп дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынаста 
сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ 
болу дегенді білдіреді. Яғни, бір кісінің басқа кісілермен 
инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген 
сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен 
жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы 
әдептіліктің нышаны болып табылады. Сондай-ақ, әдеп 
сақтау-туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы 
адамзатты ардақтау болып табылады. Өйткені, бұл-
ұрпақтық парыздың нақты көрінісі.
    Балалар, сендерге үй тапсырмасы ретінде
“Әдептілік әліппесі” тақырыбы бойынша әдептілік 
ережелері туралы тақпақтар жаттап келу болатын, 
кәнеки, сендерді тыңдап көрейікші. 
    Орта ғасырлық Шығыста Әлішер Науайы, Абдурахман 
Жәмимен замандас, тарих, философия, математика, астрономия, 
этика, поэзия, тағы да басқа саланы меңгерген Хусаин Уағыз 
Кашифи есімді ғұлама өмір сүрген. Ол кісі ұрпақтарына 
қырыққа жуық шығарма қалдырған екен. «Ахлоқи Мухсини» 
кітабында түгелдей тәрбие, этика, білім беру мәселелеріне 
арналған, адамдардың бір-біріне қатысы, құрметі, сыйластығы, 
адал, әділ болу, мейірбан, бауырмал болу туралы айтады. 
Дегенмен, бұл кітап бүгінгі жастарды, оларды ғана емес бәрімізді 
де адалдыққа, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде жақсы 
құрал бола алады. Осындай пайдалы болғандықтан да кітап 
ағылшын, неміс, француз, неміс, өзбек тілдеріне ілгеріде-ақ 
аударылып, жеке кітап етіп шығарылып, кең тарап отыр. 
Ата-анамен қандай қатынаста болу керек?

    Егер «Ата-анаңмен қатынастың он бір ережесі қандай?» деп сұраса, мынадай жауап айт:

Әрдайым ата-ананы құрметтеу.
Ата-ана үшін бар дүние-байлықты аямау.
Ата-анаға олардың құрметін жақсы атқарғаныңды ешуақытта естеріне салмау.
Ата-анаға азап көрсетпеу.
Ата-ананың бірінші шақыруынан-ақ олардың алдына жетіп бару.
Ата-анаңмен әңгімелескенде бет жүзіңді бұзбау, ашуланбау.
Ата-ананың бар қалауын орындау.
Ата-анамен сөйлескенде дауыс көтермеу.
Ата-ананың рұқсатынсыз саяхатқа бармау.
Ата-ананы қуандыруға ұмтылу.
Ата-ананы әулиетану. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (20.06.2014)
Просмотров: 3801 | Теги: презентация, әдептілік әліппесі, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]