Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Денсаулық туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Денсаулық туралы слайд,презентация 

 

 

 

 

   

      Денсаулық – адамның ең  қасиетті де құнды, қайталанбас,  жоғалса  қайта  орнына  қиындықпен  келетін, орны  толмас  асыл қазынасы. Біз  осы  жаңа ғасырдан  күтер үмітіміз  көп. Сондай-ақ қазіргі  заманда  адам  ағзасына  тиер  залалы да  жетерлік. Тірі  ағзаға  тиер экологиялық  үш  фактордың  әсері  осы  таңда  айтпаса да  көзге  шыққан  сүйелдей  болып  көрініп  тұрғаны  анық.
  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  “Қазақстан – 2030” бағдарламасында  Қазақстан  азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен  басталатынын  көрсетсе керек.
   Салауатты  өмір  салтының  мақсаты - өмір  сүрудің  мағынасы  терең екендігін  білдіруде.
  Ішімдік,  нашақорлық – адамның  жауы. Бұл жолдан  аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне  сіздердің көздеріңізді  жеткізгіміз  келеді.Олай болса, біздің бүгінгі  тәрбие сағатымыз “Бақытым  да байлығым да – денсаулық”   тақырыбында өтеді.
      
  1997 жылдың қазан  айында ел  Президенті Н.Ә. Назарбаев    “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі  және әл – ауқатының  артуы” туралы  Қазақстан  халқына  жолдауын ұсынды.
   Арақ  адам есін  жояды,  ұяттан  бездіреді, арамдыққа  және  қылмысқа  итермелейді. Сонымен  қатар  ішімдікке  құмар  адмның  рухани  байлығы  азайып, адамгершіліктен жұрдай  болады.
  Ішімдік  барлық  ішкі  мүшелерді улап, әр түрлі  созылмалы ауруларға  шалдықтырып, небір  талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз  арқтың  кеселінен  өз  биігіне  жете  алмай  өмірден  кетіп  жатқаны  өкінішті-ақ.
Міне, осындай өкініштердің алдын- алу  мақсатында  Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға  арналған  еліміздің  келешегін өркендету  бағдарламасында  назардан  тыс  қалдырған  жоқ. 
“ Салауатты өмір  салтына  
ынталандыру  әрқайсысымздың 
Дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі  мен алкогольді  тұтынуды қойып,  тазалық  пен  санитария  шараларын  сақтауымызға  бағытталған”.
Қоғамымыз сау болсын  десек, бүгінгі  жас өспірімдер сау да салаутты өсуіміз керек.
“ Салауатты  өмір  салты – бұл  денсаулықты  нығайту және  дамытудың үйлесіділігін  қамтамасыз  ететін  кешенді  алдын – алу шаралары”.
Бүгінде ерлердің -75%, әйелдердің – 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек  адамдардың 65% үнемі арақ ішеді екен.   
                       2001 ж. № 175- бет                                                                                                                                     

1.Темекі тартқан адамда
қан  қысымы  жоғарылайды.
2. Қандағы  май құрамы артады.
3. Өкпе рагы.
4.Жүрек ауруы.
5.Асқазан  ауруы  пайда болады.
6. Бұлар адамды аздырады.
7.Қылмысқа  апарып
  соқтырады.
8. Қоғамға  зиян  келтіреді.
9. Бұл заттар  әсерінен  өлім 
көп болады.

 Бұл заттардан зиянымен  
қатар  пайдасы да зор.
Қоғамға  пайдасы көп.
               2. Осы  заттардың  сатылуы 
арқылы еліміздің  экономикасы 
 дамып отыр.
3. Арақты  тек  мас  болу  үшін  
пайдаланады.
4. Жұмыссыздық  жойылуға
  әсер  етеді.

 

 
 
1. Бір спортсмен  өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа  танымал.
Бірақ  табыс көзі онша  болмайды. Енді ол отбасынан  асырау
үшін“Арақ заводына” жұмысқа  тұрады.  Алғашқы  кезде жақсы
табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз – аздап ішіп,  араққа  бойы
үйреніп  кетеді. Енді жұмысты  тастайын  десе, ақша керек,
тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан  қалай шығуға 
болады? 
2. Ол  15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан  үйреніп 
жүріп әбден  бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда  қалай бой ұрғанын  білмей қалған  болатын. Інісі  ағасының  сол  бір заттардан  қанша  зардап шеккенін  біледі. Бірақ өзі сол  заттарды  тастай  алмайды. Сіздің  пікіріңіз?
3. Жартылай  жасанды есірткі – героиннің  тағы  бір  ерекшелігі  бірден бой  көрсете  қоймайды. Шегуші ағзасына  мысқылдан  сіңіп,  әбден  бойын  игеріп  алғанда  ғана  көрініс  береді. Алғашқыда  қалай  тәуелді  болғанын  білмей  қалады. 
Сөйтіп ол ...
              «Дертке 
                     шалдыққанша,
                      денсаулықтың 
                         қадірін  ешкім де
                       білмейді»                                                                                      
                                                   Т. Футлер
Зиянды заттарды  пайдалану, адам өмірін 20 жылға кемітеді.
2. Әзірге  маскүнемдіктің  салдарынан  болған отбасының  бұзылуының 94  пайызын  әйелдердің  айыбынан, 6 пайызы  ерлердің  айыбынан.
3. Арақты өз  аузыма ішсем,  басқаға  не залалым  бар.
4. Темекі  сатып алғаннан  гөрі,  тастаған  пайда.
5. Есірткі  сатқан – қылмыс, бірақ басқаларға  зияны  жоқ.
6. Сабырлы  заттар  адам  өмірін  түп – тамырымен құртып  жіберуі  ықтимал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (20.06.2014)
Просмотров: 6536 | Теги: презентация, денсаулық туралы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]