Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Қазақстанның 1950-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаты слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстанның 1950-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаты слайд,презентация

 

Сталин қайтыс болысымен-ақ (1953ж) елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы екі бағыт айқын көрінді.
1953-54ж қалың қауымның  назарын өзіне аударған социалистік қоғамдағы қарама қайшылықтың мәні,тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі,теория мен практиканың арақатнасы,ұжымды басқару мәселелері сияқты өзекті проблемалар төңірегінде қызу пікір таластары орын алды.
КОКП Орталық Комитеті мен Кеңес үкіметі 1954-56ж бір жағынан шамадан тыс орталықтандыруға шек қою мен одақтық республикалардың құқыларын кеңейтуге бағытталған біраз шараларды жүзеге асырғанымен,екінші жағынан,сол кезде қабылданған көптеген қаулы қарарлар арқылы жарияланған тәуелсіздікті жоққа шығарып отырды.
Бұрынғысынша қоғамды басқару құрылымы “жоғарыдан төменге қарай”принципіне негізделген.
Бұған Шығыс Қазақстанның бір мектебінде орыс тілінің сабақ берген М.Елікбаевтың тағдыры мысал бола алды.Ол Қазақстанның тәуелсіздігі тек сөз жүзінде ғана,даңғаза айғай-шумен өтетін сайлаулар іс жүзінде сайқымазақ екендігін жақсы түсінді.Қазақ тіліндегі мектептер санының күрт төмендеуі,оқу құралдарының жетіспеуі,мұғалімдердің жұмыссыз қалу фактілері оны қатты алаңдатты.Н.С Хрущевтің атына жазған хатында бүкпесіз баяндап,осы тығырықтан шығу үшін өзінің дәлелді ұсыныстарын айтты.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің бюросы 1957ж шілденің 16-сында өткен мәжілісінің шешімімен оны КОКП қатарынан шығарды.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (06.04.2015)
Просмотров: 859 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]