Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Қазақстандағы түйе шаруашылығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстандағы түйе шаруашылығы слайд,презентация

 

 

 

Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе шаруашылығы
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Агромеркур» шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым - Асылбек Баймұқанұлы.
Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды
Түйе шаруашылығы, түйе өсіру – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды.
Жалпы Статистика
Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (23.03.2015)
Просмотров: 1275 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]