Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 23.2.2018
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Қазақ елі – менің Отаным слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақ елі – менің Отаным слайд,презентация

 

 

 

  Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, нақыл сөздер, суреттер т.б.

 Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау – әр адамның ең елеулі борыштарының бірі. Тәрбие ошағы - мектеп. Тәрбиенің ауданы кең, түбі терең. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес…
Музыка  ойналып  тұрады.
Мұғалімнің сөзі:
 Құрметті ұстаздар, оқушылар!
    Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Республика күнімен құттықтаймын! Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген. Өйткені Отан- қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының туған күні қазақ тарихына алтын әріппен жазылды.
                           Аңсап халық көп күткен
                           Егеменді ел болдық
                           Көңіл – күйі тоқ жұртпен
                           Тереміз тең болдық
 
                           Асқақтатып саз, әнге
                           Сал өнерпаз кіл дүлдүл.
                             25 – і қазанның 
                            Республика күні бұл! 
 
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
 
1- оқушы.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.

2- оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

3- оқушы.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


4- оқушы.
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

 

 

 




Категория: Тарих | Добавил: Admin (21.06.2014)
Просмотров: 3608 | Теги: презентация, қазақ елі – менің Отаным, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]