Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Қасым хан слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қасым хан слайд,презентация

 

XVI ғасырдың  бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым таққа отырды. Керей ханнан кейін хан тағы оның ұлы Бұрындық ханның үлесіне тиген еді. Бастапқы кезде Қасым сұлтан әкесінің жолын қуып, барлық істе Бұрындық ханға бағынып, соңын алдында бас иді. Алайда Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін  шиеленіскен күрес  Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.
Бұрындық хан жеңіліс  тауып, елден кетті. 1511 жылдан бастап Қасым хандық билікті қолына алды.Қасым хан Қазақ хандығының  тағына отырысымен ішкі- қайшылықтарды –феодал-ақсүйектердің наразылығын  бәсеңдетіп, хандықты нығайтуға кірісті. Сөйтіп Қазақ хандығының жер көлемін  кеңейте  түсуге бар күшін,ынта-жігерін аямай жұмсады. Нәтижесінде Қазақ хандығының саяси және экономикалық  жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда нығая түсті.
Қасым ханның билік құрған кезіндегі қазақ хандығының  қуаты мен беделі алыс елдерге танылды. Қасым ханның  Қазақ хандығына  хан болуы кездейсоқ емес, XV – XVI ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы  ішкі саяси дамудың заңды қорытындысы. Қасым хан – хандықтың кеңеюімен нығаюына  белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қасым хандығының нығаюына онымен көршілес  отырған, сол кезде ауыр дағдарысты басынан көшірген Ноғай Ордасының әлсіреуі себепкер болды. Руларды  билеуші мырзалар билік үшін өзара күресіп жатты. Соның салдарынан Ноғай Ордасының жеріне көшіп жүрген рулардың бір бөлігі- қыпшақтар, қаңлылар және басқалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды. Ноғай мырзаларының қол астында  болған көптеген қауымдар Қасым ханға бағынды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (20.04.2014)
Просмотров: 5886 | Теги: слайд, Қасым хан, тарих, презентация | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]