Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы слайд,презентация

 

 

       Платон ілімін жүйелеп, оның  ішкі қайшылықтарын  жойып, ары қарай дамытуды көздеген философиядағы идеалистік бағыт. XV ғасырда, Қайта Өрлеу дәуірінде неоплатонизм ерекше көркейді. Қайта Өрлеу дәуіріндегі неоплатонизмнің көрнекті өкілдері 
Николай Кузанский мен Пико делла Мирандола болды. Неоплатонизм өкілдері:
1.   әбден қалыптасып, жүйеленген схоластикалық философияға жаңа, Платон іліміне негізделген философиялык жүйені қарсы қойды;
2.   Құдай рөлі азайтыльп , дүниеге дейінгі бастапкы идеялардың мәні үлкейтіліп көрсетілетін дүниенің жана картинасы ұсынылды;
3.   адам болмысының, құдіреттілігін мойындады және адамды дербес микрокосмос ретінде карастырды;
4.    барлық философиялық бағыттарды қамтып, бәрін біріктіретін жаңа, әлемдік, біртұтас философиялық жүйе жасауға шақырды.
Кузанский   болмыс пен танымға жана түсіндірмелер берді:
     1.   Құдай мен оның жараткан дүниесі арасында айырмашылық жоқ (яғни дүние біртұтас - Құдай, коршаған дүние, Әлем — бәрі бір);
     2.   «біртұтас» (Құдай) және   «шексіз» (Оның  жаратқаны) - өзара   минимум мен максимум ретіндегі қатынаста (қарам-қарсылықта), 
     3.   осы   тұжырымдарды    қорытындылай    келіп   Николай    Кузанский   «қарама карсылықтардың сәйкестігі» туралы заңды негіздеді: 
     4.идея және материя бір; 
     5. барлығын қамтып, реалды тіршілік ететін - актуалды шексіздік;
     6.   Әлем - шексіз, оның басы да, соңы да, орталығы да жоқ. Жер - Әлемнің орталығы емес;
      7.   Әлем - аяқталған және абсолютті Кұдай. Құдай - қоршаған дүние арқылы емес, керісінше дүние, табиғат, бар мән атаулы - Құдай аркьлы көрінеді;
      8.   математикалық тұрғыдан шексіздік қарама-карсылықтарды біріктіреді.
      9.   Әлемнің, коршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;
     10.  абсолютті толық' білімге қол жеткізу мүмкін емес, білім көлемін ұлғайту - акиқат білімге емес, ғылымпаздыққа («ученому незнанию») әкеледі.
Өзіне таныс барлық  діни  және философиялық  ілімдерді біріктіріп, “900 тезис’’ деп аталатын  эклектикалық шығарма  жазды. 
Оның еңбегінің  басты идеялары:
    1.  Адамды қоршаған  дүниеден бөліп, жоғарылатып, (элементарлық, аспандық және  періштелік әлемдерден кейінгі) космостың төртінші дүниесі  деп қарастырды;
    2. Адамның бостандығын, таңдау еркіндігін  мойындады; 
    3. Барлық философиялық  ілімдерді біріктіріп, өзара келісім  жолымен       “алтын ортаны’’ табуды ұсынды. 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (07.04.2015)
Просмотров: 2136 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]