Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

19 ғасырдағы және 20 ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

19 ғасырдағы және 20 ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы слайд,презентация

 

 

 

Қазақстандағы патшалық отаршылдық реформалар.
XIX ғ. 80-90-жж.  реформалар. Өлке өміріндегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер. 
XVIII – ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуы.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. 1916 жылғы көтеріліс.

 


     XIX ғасырдың 60 жылдарында қабылданған әкімшілік, сот, басқару реформалары бірден іске аспады. Қазақстандағы байлықты игеру барысында капиталистік қатынастардың күрделенуі жаңаша реформа жасауға алып барды.

 


Реформа бойынша:
Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды.
Уездік қалаларда полицейлік пристав кұрылды.
Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери-губернатор құзырында болды.
Жетісу, Орал облыстық әскери губернаторлары атаман болып есептелді.

 


1886 жыл 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралы" заңы Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрды:
17 баптан тұратын жаңа патша заңы қабылданды; 
Соттардың төтенше съезі әскери- губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілдік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізілді;
Төменгі сот буыны халықтық сот болды; 
Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. 
Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғады

1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы» заңы бойынша:
1.Түркістан өлкесі құрылып, орталығы Ташкент болды. Облыстары:
Сырдария (5 уезд)
Ферғана (5 уезд) 
Самарқан (4 уезд).
2.Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы Омбы қаласы болды. Облыстары:
Ақмола (4 уезд) 
Семей 
Жетісу (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылып берілді)

 

Қоныс аудару саясаты
1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» бойынша аграрлық мәселені жасағанмен, толық нәтиже бере алмады.
Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:
Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету;
Жер тапшылығын шешу; 
¥лттық аймақтарда әлеуметтік тірек жасау.

1-кезең.XIX ғасырдың 60 жылдарыныһ ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.
XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» (Жетісу губернаторы Г.А.Колпаковский) ереже бекіті. Бұл ереже 1883 жылға дейін күшін сақтады: 
Бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 30 десятина жер берілді;
15 жылға салық төлеуден босатылды; 
Әскери міндеткерліктен босатылды.

                                  

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (25.03.2015)
Просмотров: 2685 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]