Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. слайд, презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық  көтеріліс. слайд, презентация

 

 

Көтерілістің басталу себептеріне сипаттама беру. Кенесарының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген ықпалын бағалау. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Оқушыларды тарихи құбылыстардың күрделі кешендерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге 
баулу.
Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.
       Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.
1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан:
А) Қоқан ханы         В) Хиуа ханы          С) Бұқар әмірі          
D) Ташкент билеушісі         Е) Ноғай ханы

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (19.04.2014)
Просмотров: 4302 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]