Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы слайд,презентация

II тарау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы байланыстар.Қабырғаларының арасындағы бұрыштардың орналасуы.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың косинусы деп
аталады.
Теорема: Бұрыштың косинусы тек оның градустық өлшеміне ғана тәуелді.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі деп аталады.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың котангенсі деп аталады.
Сүйір бұрыштың синусын, косинусын, тангенсын және котангенсын табыңдар.
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|