Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыстар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыстар слайд,презентация

 

 

а) ақпараттық: тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы бұрыштар тарауында өткен материалдарды қорытындылап, бекіту;
ә) коммуникативтік: математикалық сауаттылықты арттыру, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
б) проблемалық: негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді өрнектерді ықшамдауда тиімді қолдануға, тригонометриялық өрнектердің мәндерін ұтымды қолдануға үйрету.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
ІІІ. Формула білесің бе?
IV. Сергіту сәті.
V. Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
VI. Үй тапсырмасын беру бөлімі.
VII. Логикалық есептер.
VIII. Тарихи мәліметтер.
ІХ. Қорытынды бөлімі.
№170
Берілгені: 
a=12;
b=c+8;
Табу керек: c- ?
Шешуі: b=8-c; c2=a2+b2
c2=144+64-16c2+c2
144+64-16c=0
-16c=-208
c=14
Жауабы: c=14

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі деп нені айтамыз?
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі деп нені айтамыз?

1.Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері бойынша, оның гипотенузасын   анықтау:
                     а=3 және в=4 ;             а=8 және  в=6

2. Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті мен гипотенузасы бойынша, оның екінші катетін анықтау:
                    с=41 және а=9;             с=13 және  а=5.
3. Есептеңіз:
√3ctg450cos600sin600 =                  2sin300 + 2cos600 + tg450


Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әкелерінің аттары кім?

Математика олимпиадасында Азамат, Байсал, Диас алғашқы үш орынға ие болды. Азамат 1 – ші және 2 – ші орын ала алмады, ал Байсал 2 – ші орын алған жоқ. Диас 3 – ші орын алған жоқ. Азамат, Байсал, Диас нешінші орындар алды?
     Ежелгі грек математигі Прокл V ғасырда өзінің Евклидтің “Бастамаларына” берген түсіндірмесінде гипотенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болатыны туралы былай деп жазған: “ Ежелгі аңыздарға сенсек, бұл теореманың дәлелдемесін Пифагор тапқан. Ашқан жаңалығын өгіз сойып тойлаған.” осындай ойда грек тарихшысы Плутарх та (І ғ.) айтады. Осы және т.б. бізге жеткен мәліметтер негізінде бұл теорема Пифагорға дейін белгісіз болған деп есептеліп, оны Пифагор теоремасы деп атаған. 
      Мысыр мәтіндерінде бұл теорема жөнінде ешбір мағлумат жоқ. Дегенмен, қабырғалары 3, 4, 5 болатын үшбұрышты мысырлық үшбұрыш деп атайды. Себебі ол ежелгі мысырлықтарға белгілі болған. Тік бұрыш тұрғызу үшін мысырлықтар жіпті тең 12-ге бөлетін түйіндер жасап, ұштарын байланғаннан кейін оны қабырғалары 3, 4, 5 болатын үшбұрышқа келтіріп, жерге қазықтармен керіп тастаған. Сонда 3 пен 4-ке тең қабырғалардың арасындағы бұрыш тік болып шыққан. Ал бұдан көп уақыт бұрын Вавилонда тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасында байланыс бар екені белгілі болған.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (06.06.2014)
Просмотров: 2918 | Теги: презентация, Тікбұрышты үшбұрыш, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]