Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Тәуелсіздікке 20 жыл(математика) слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тәуелсіздікке 20 жыл(математика) слайд,презентация

 

 

Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы, Архат ауылы, 
С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі 
Ибраева Теңдік Серікжанқызы
 Мен Ибраева Теңдік Серікжанқызы сіздерге осы өткізген ашық сабағым-ды ұсынып отырмын.Бұл сабақ мектепте “Өте жақсы” өткен сабақ-тардың бірі деп бағаланды.
 Н.Ә.Назарбаевтың 
2008 жылғы: “Жаңа әлем-дегі  жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауындағы “Оқыту үрдісінде- ақпа-раттық технологияларды білім беру сапасын жақсар-туда қолданыс аясын кеңейту керек” деген сөзін басшылыққа аламын.
Әнұранымен-айбатты
Әнін жазған:  Шәмші  Қалдаяқов
Сөзін жазған: Жұмекен  Нажімеденов, Нұрсұлтан  Назарбаев
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным!  
Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным! 

 

Сабақтың мақсаты: 

 Білімділік: Негізгі тригонометриялық тепе- теңдіктер туралы мағлұматтарды меңгерту. 
Тригонометриялық функциялардың, бұрыштардың шамаларын, таңбаларын тереңдету.
 Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ұлттық тәрбиені дәріптеуге тәрбиелеу.
 Дамытушылық: Өткен тарихпен байланыстыра отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, оқушының ой- өрісін дамыту. 
 Сабақтың түрі: Аралас  сабақ
 Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту, есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
  Сабақтың барысы:  
Ұйымдастыру
 Үй тапсырмасын тексеру ( Тригонометриялық функциялардың қасиеті, № 289)
 Жаңа сабақ (Электронды оқулық)
 Жаңа сабақты бекіту
 Үйге тапсырма беру
 Қорытындылау
 І. Ұйымдастыру: 1991 жылы жеткен үлкен жетістігіміз- Тәуелсіздік!  Биыл осы жеңісімізге 20 жыл толып отыр. Ендеше тәуелсіз мемлекетпіз Елбасымыз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Ата Заңымыз бар еркін де азат елміз. Сондықтан бүгінгі сабағымды Ата Заңымыздың 9,10,30- баптарын негізге аламын.  Ата Заңымыз сонау ата- бабаларымыз кезінде «Жеті жарғы»  болған. Осы «Жеті жарғы» туралы қысқаша мәлімет тыңдаңыздар.
 ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру:  Конституцияның 1-бөлімінің 9-бабында рәміздер мен нышандар бойынша 9 тапсырма орындаймыз.
№289 cos 200*sin 1000                                       tg 5000*cos1200
   Sin(-500)* ctg 2000                                         ctg(-600)* tg 1500
 Sin(-700)* tg(-500)                                           cos(-950)* ctg(-1700)

Берілген бұрыштарды радиан арқылы жазыңдар:
300,450, 1350, 1800,1200,600,2700,3600,900
Бұрышты градуспен жазыңдар:
П/3, 3П/2, П/6, 2П, П/4, 5П/6, П/2, П,2П/3
Жауаптарынан «Тәуелсіз Қазақстан!»

Бұрыштар қай ширекке тиісті:
  1200,2890,6800,10700,590,1500,2150,90,1350
Өрнектің таңбасын анықтаңдар:
Sin170, cos600, tg1200, ctg2400,sin(-450), cos(-1200),tg2500, ctg380, tg(-550)
Жауаптарынан:  «Конституция жасасын»

  ІІІ.Жаңа сабақты бастау: Конституцияның 2-бөлімінің 10-бабында азаматты қорғау бойынша 
2 тапсырма  орындаймыз. (Электронды оқулық 1,2 )
Мысылы: cosa= 12/13  0<a<П/2 
 Sina, tga, ctga-?
         
 IV. Жаңа сабақты бекіту: Конституцияның 2-бөлімінің 30-бабында білім алу бойынша тапсырмалар орындау.( Электронды оқулықтың тапсырмаларының 1,2 орындау.)
 Өрнекті ықшамдаңдар:
 1-sin2a,  (1-cosa) (1+cosa), 1+sin2a+cos2a,  sina-sina*cos2a, (1-sina)(1+sina), sin2a+sin2a*cos2a

V. Үйге тапсырма беру: Тақырып 19, №298,299.
 VI.Қорытынды:
 Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақта Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына үлкен тарту жасадыңыздар. Конституцияның 2-бөліміндегі 30-бапта айтылғандай Қазақстанымыздың білімді ұрпағы болыңдар.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (06.06.2014)
Просмотров: 1814 | Теги: презентация, Тәуелсіздік, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]