Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Тәрбие теориясы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тәрбие теориясы слайд,презентация

 

 

Мазмұны 
1.Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде.
2.ТПҮ заңдылықтары және принциптері
3.Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі
4.Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі
5.Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты
6.ТПҮ-тегі тәрбие әдістері, түрі, құралдары
7.Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті
8.Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде
9.Отбасы тәрбиесінің негізі
Аннотация

 Пәннің мазмұны: Оқып меңгерілетін «Тәрбие теориясы» пәні жоғары мектептегі педагогикалық дайындау жүйесінде жоғары мәнге ие. Студенттерді іс-қимыл үстіндегі   және теориялық проблемалардың ең ауқымды сұрақтарымен таныстыру, өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
- Тәрбиенің дамуының қозғаушы күштеріне сипаттама береді
- Отандық педагогтардың бастауыш сынып оқушысын оқытудың педагогикалық негіздері жайлы мәселелері оқылады.
Пәнді оқытудың мақсаты:  - Болашақ педагог студенттерге «тәрбие теориясы» мәселесі бойынша теориялық және практикалық білімдер беру.
Пәнді оқып үйренудің міндеті:  - Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде болашақ  тұлғаның дамуының педагогикалық теориялар туралы жалпы білім беру; педагогика саласындағы адамның атқаратын қызметін оқып білу; оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының даму заңдылықтарын түсіну, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау.
Курсқа сипаттама
«Тәрбие теориясыі» курсын оқыған студент қарастыратын негізгі ұғымдармен таныс болуы, оны басқа ғылымдармен сабақтастыра алуы (педагогика, физиология, психология салалары) 
Бастауыш сынып оқушысының даму ерекшеліктерін тану, кәсіби қызметте пәннен алған білімдерін қолдана алуы тиіс. 

Мазмұны 
Тұтас педагогикалық үрдістің пәні және мұғалім қызметінің нысанасы ретінде.
ТПҮ заңдылықтары және принциптері
Тәрбие мақсаты әлеуметтік қамтамасыз етілуі
Дүниетаным көзқарасы жеке тұлғаны қалыптастыру тірегі
Тәрбиенің мазмұны міндетті, мақсаты
ТПҮ-тегі тәрбие әдістері, түрі, құралдары
Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымының мұғалімдердің өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті
Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде
Отбасы тәрбиесінің негізі

   Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.

   Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.
           
Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.


Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.
Тәрбие процесі-жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұның соған негіздеп, оларды іс-жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктерідің қорытындысын белгілейді. 

Тәрбие процйесінің екі жақтылық функциясының мәні –педагогтің белгілі мақсат пен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде, оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (06.06.2014)
Просмотров: 4680 | Теги: презентация, Тәрбие теориясы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]