Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Сырттай сызылған көпжақтар мен айналу денелері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сырттай сызылған көпжақтар мен айналу денелері слайд,презентация

 

 

Ғылыми жобаның мақсаты: 
    Шарға іштей және сырттай сызылған көпжақтар мен айналу денелеріне қатысты есептердің шығару жолдарын қарастыру, ҰБТ-ға дайындалушы оқушыларға көмек құралы ретінде ұсыну, зерттеу кезеңдері:
тақырыпты негіздеу, мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
тақырыпқа байланысты теориялық жағдаяттарды жинақтау, әдебиеттерге шолу жасау, талдау;
есептердің түрлерін қарастыру;
алынған нәтижелер бойынша есептер;
жұмысты қорытындылау.
Зерттеудің жаңашылдығы: 
    Математика пәні бойынша ұлттық тестілеу орталығы құрған оқу-әдістемелік құралда кездесетін шарға іштей және сырттай сызылған көпжақтар мен айналу денелеріне арналған стреометрия есептерін шешу жолдары көрсетіледі.
Шарға іштей және сырттай сызылған көпжақтар мен айналу денелері
Бізді қоршаған ортада, әсіресе геометриялық есептерді шығару кезінде, біз іштей және сырттай сызылған көпжақтарды:
Шарға іштей сызылған призмалар, кубтар
Кубқа, призмаға іштей сызылған шарлар
Шарға іштей сызылған пирамидалар
Пирамидаға іштей сызылған шар
Айналу денелеріне іштей және сырттай сызылған шар және т. б. жиі кездестіреміз.
Осындай фигуралардың комбинацияларына құрылған 2009-2012 жылғы ұлттық бірыңғай тест есептерін жинақтап, шығару жолдарын бөліскім келді.
Шарға іштей сызылған жақтың анықтамасы:
Егер көпжақтың барлық төбелері шардың бетінде жатса, онда көпжақ шарға іштей сызылған, ол шар көпжаққа сырттай сызылған деп аталады. 
Шарға сырттай сызылған көпжақтың анықтамасы:
Егер көпжақтың барлық жақтары шар бетімен жанасса, онда мұндай көпжақ шарға сырттай сызылған, ал шар көпжаққа іштей сызылған деп аталады. 
Шардың центрі көпжақтың барлық жақтарынан бірдей қашықтықта орналасқан;
Шардың радиусы жанасу нүктесіне перпендикуляр түседі.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (05.06.2014)
Просмотров: 1856 | Теги: презентация, Сырттай сызылған көпжақтар мен айна, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]