Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қайталау слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қайталау слайд,презентация

 

 

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (қайталау)Білімділік: Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы жөніндегі теореманы дәлелдеу арқылы оқушылардың үшбұрыштар жөніндегі мәліметтерін кеңейте түсу.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру,өзара жолдастық көмек көрсете білуге,ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету,шапшандыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық:
     ой-өрісін дамыту,білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару,іскерліктерін дамыту ,теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу,
Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
    ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
    ІІІ. “Геометриялық шолу”викториналық сұрақтар.
     ІV.Білімді бекіту
          1. “Геометриялық диктант”;
          2. “Геометриялық жәрменке” (деңгейлік есептер шығару);
          3.   “Тест” 
      V.Сабақты қорытындылау “Рефлексия”,оқушыларды бағалау;
      VI.Үйге тапсырма беру.

1.Қандай бұрыштар ішкі тұстас, айқыш бұрыштар деп аталады?
2. Сәйкес бұрыштар дегеніміз қандай бұрыштар?
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?
4. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деп нені айтады?
1. ΔАВС=ΔMNP.АВ=5см, 
NP =6см.АВС үшбұрыш-
ының периметрі 18см. 
MP-ны тап. 
2. Тең бүйірлі үшбұрыш-
тың периметрі 12 см,ал
Бүйір қабырғасы 5 см.Оның 
табанын тап.
3. Тік бұрышты үшбұрыштың
тік бұрышының биссектри-
сасы мен 50°-қа тең сүйір 
бұрышының биссектрисалары
қандай бұрышпен қиылысады? 
АВС үшбұрышының екі бұрышы берілген, үшінші бұрышын тап:<A=30°,<C=80°,<B=?
Тең бүйірлі үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының сыртқы бұрыштарының бірі 120°. Басқа сыртқы бұрыштарының градустық өлшемін тап.
Табаны АС болатын АВС үшбұрышының А бұрышының АД биссектрисасы жүргізілген. Д нүктесі ВС-да жатады. Егер АДВ бұрышы 80°-қа, ДАС бұрышы 50°қа тең болса, АВС үшбұрышының бұрыштары неше градустан?

1. «Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады». Параллельдіктің І белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.
А)  айқыш бұрыштар;
Ә) сәйкес бұрыштар;
В) ішкі тұстас бұрыштар;
Г) сыбайлас бұрыштар.
2.«Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады». Параллельдіктің ІІ белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.
А)  айқыш бұрыштар;
Ә) вертикаль бұрыштар;
В) сәйкес бұрыштар;
Г) сыбайлас бұрыштар.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 3579 | Теги: презентация, Үшбұрыш, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]