Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Санның пайызын табу слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Санның пайызын табу слайд,презентация

 

 

1.Білімділік:«пайыз» туралы ұғыммен таныстыру;Пайызды ондық бөлшекпен, жай бөлшекпен жаза білуге үйрету.
Пайызға арналған есептерді шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2. Өтілген тақырыптағы ережелерді негіздеу, өткен түсініктерді тереңдетуге қажетті тірек білімдерді ауызша сұрау.1.Пайыз дегеніміз не?
2. Берілген санның 1% қалайтабылады?
3. Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?
4. Бөлшек пайызбен қалай жазылады?
  Мысалы торттың 6/1   
бөлігі, оны теңдей 6-ға бөлгендегі бір үлесі. Ал кезкелген шаманың бөлігі оның 1 пайызы деп аталады. Пайыз жай бөлшекпен 1/100 ондық бөлшекпен 0,01 түрінде жазылады.  
 Саяжай учаскесінде  320 қызғалдақ өсіп тұр,оның        15% сары.        Қанша сары қызғалдақ бар? Шешуі:         1% қанша қызғалдақ екенін табайық.     320 : 100 = 3,2.         Енді 15% неше қызғалдақ    екенін анықтайық.      3,2 • 15 = 48. Жауабы: саяжайда 48 сары қызғалдақ бар.

Бақтағы раушан гүлдердің  20% ақ түсті раушан, ол бар болғаны екі түп  қана.        Бақта қанша түп раушан гүлі бар? Шешуі:         1% раушан қаншаға тең екенін табамыз.      2 : 20 = 0,1.         Енді, 100% қаншаға тең екенін есептейміз.      0,1 • 100 = 10. Жауабы:бақта 10 түп раушан гүлі бар .
Аэропортта  30 ұшақ бар, оның алтауы Боенг фирмасына тиісті.        Боенг ұшақтары эропорттағы барлық ұшақтың қанша пайызын құрайды? Шешуі: 
 Боенг ұшақтардың қанша бөлігін құрайтынын табайық.     6 : 30 = 0,2.       Енді, ол қанша пайыз екенін анықтайық.      0,2 • 100 =20
Жауабы: 20% Боенг ұшақтары.

1.20 % түрінде қай санды жазамыз?
а) 0,5;  в) 0,4; с) 5; д) 1/5

2. 0,01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с)1%; д) 0,1 %

3. 0,9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с)9%; д) 0,9 %

4. 50 санының 20 пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с)0,2; д) 0,1 

5. 650 санының 20 пайызы қанша ?
а)110, в) 130 с)65; д) 650

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (05.06.2014)
Просмотров: 2881 | Теги: презентация, сан, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]