Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Санның бөлігін табу туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Санның бөлігін табу туралы слайд,презентация

 

 

Мақсаты:
Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, берілген тапсырманы тиянақты орындау, жай бөлшекті жазу калиграфиясын таза, көркем жазу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абайдың өлеңдерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, ДК.
Сабақтың типі: Білім мен дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру (Сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру)
Бүгінгі сабағымыз «Санның бөлігін табу».
      Сабағымызды қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиеттерді негізге ала отырып өткізгелі отырмын. Алдымен үй тапсырмасын тексерейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .Үй тапсырмасын тексеру  үшін соған ұқсас Математикалық диктант  жазамыз.
Қайталау сұрақтары:
1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай  қосылады? Мысал келтіріңдер.
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.
3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
4. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
5. Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
“Әлемнің әміршісі – еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.»
Н.Ә. Назарбаев
Оқулықтан: № 813, 814, 815 есептер.
Кеспе парақшалар таратылады. 
КЕСПЕ
Есептің кестедегі жауаптарымен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар. Сонда сендер бір сөз оқи аласыздар.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (05.06.2014)
Просмотров: 736 | Теги: презентация, сан, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]