Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Рационал өрнекті теңбе-тең түрлендіру слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Рационал өрнекті теңбе-тең түрлендіру слайд,презентация

 

 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды, рационал өрнекті тұрлендіруге үйрету.
Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал өрнектерді түрлендіру кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмі:
         Рационал бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлшектердің негізгі қасиеттерінің бірі – алымын да, бөлімін де бірдей(мәні нөлден өзге) өрнекке көбейту арқылы бірнеше бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді. 
Рационал бөлшектерді  көбейту алгоритмі:
         Рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек. Мүмкін болған жағдайда қысқартуды орындаймыз.
Рационал бөлшектерді  бөлу алгоритмі:
        Бір  рационал бөлшекті екінші рационал  бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (05.06.2014)
Просмотров: 1622 | Теги: презентация, Рационал өрнекті теңбе-тең түрленді, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]