Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Проценті бойынша санды табу слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Проценті бойынша санды табу слайд,презентация

 

 

1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп  құрастырып үйрену, іскерлік  дағдыларын қалыптастыру, арттыру. 
 3.тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге,  жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау , жүйелеу
Сабақтың әдіс-тәсілі: Саралап деңгейлеп оқыту
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, тізімдеу, оқу –құралдарын дайындау (2 минут) 
2.Үй тапсырма тексеру кезеңі: Әрбір оқушыдан тексеру. Шығарылмаған есептерге түсінік беру . ( 5минут) 
Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасы бойынша оқушылар толық бір шаманың 1/100 үлесін табуға арналған есептеулерді орындайды
1 дециметрдің 0,01-і канша миллиметр
1 центнердің 0,01-і канша килограмм
1 килограмның 0,01-і  канша грамм екенін өз беттерімен табу
Есеп. Мысықтар көрмесіне әкелінген мысықтардың 20 %-і сиам мысықтары, олардын сыны - 12. Көрмеге барлыгы неше мысық әкелінді?
Шешуі:
  20% - 12 мысық
 100%-?
       b= a*(P/100)
a – барлыгы, табатын сан 
b - берілген санның процентке сәйкес мәні, ягни =12
Р - проценттер
   12 = a*20/100 = a*1/5
    a = 60
a = 60  Жауабы: 60 мысық
 
  

Проценті бойынша санды тап: 3%-і  24;  10%-і  9,25;    60%-і  78; 15%-і 9-ға тең санды
 5кг  100 кг-ның қанша проценті болады?
Заттың бағасы 760 теңге. Егер заттың бағасын 20% қымбаттатса, оның бағасы неше теңге болады?
Жылдамдығы 80 км/сағ поезд 1 сағатта екі қала арасындағы   қашықтықтың  30%-ін жүрді. Екі қаланың арасындағы  қашықтық неше км?
Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30%-і, екінші күні қалған мұнайдың  80%-і сатуға жіберілді. Қоймада мұнайдың неше проценті қалды?

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (05.06.2014)
Просмотров: 799 | Теги: презентация, Проценті бойынша санды табу, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]