Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Пирамида туралы қазақша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Пирамида туралы қазақша слайд,презентация

 

 

Сабақтың   мақсаты: 
                       оқушыларға  пирамида, оның пайда  болуы  және  көлемі  жайлы   мағлұмат беру.
Сабақтың  міндеттері:
Білімділік:  пирамданың  негізгі  элементтері  мен  формулаларды  есеп    шығаруда    қолдана білу.                      
Тәрбиелік:   оқушыларды   ұлтжандылыққа,  ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Дамытушылық:  оқушылардың  дүниетанымдық  ой-өрісін  кеңейту,   ойлау  және  танымдық  қабілеттерін  арттыру.

 

 


1. Көпжақтарды  атаңдар
2.Геометрияның   кеңістікті    зерттейтін  бөлімі 
3. Призманың   көлемі 
4. Тікбұрышты  параллелепипед қалай аталады?
5. Стереометрияның  негізгі  түсініктері 
6. Тікбұрышты  параллелепипедтің  неше  
төбесі, неше қыры бар? 
7.Ортақ   нүктелері  жоқ  жазықтықтар қалай 
 аталады?
8 .Дұрыс   көпбұрыштардың  анықтамасы 
9.Мысыр пирамидасы  қай  мемлекетте  
орналасқан?
10.Әлемнің   жеті  кереметін  атаңдар


      Қандай да бір  жазықтығында көпбұрыш, мәселен ABCD тіктөртбұрышы   және  жазықтығында жатпайтын S нүктесі берілсін. О нүктесін  көпбұрыштың  төбелерімен қосып,  пирамида  деп  аталатын  фигураны  аламыз.
      Пирамиданың  биіктігі       деп  оның  төбесінен  табан    жазықтығына  түсірілген перпендикулярды   атайды. 

   SO=H
      Дұрыс  пирамиданың  бүйір  жағының   пирамида  төбесінен  табанының    қабырғасына  жүргізілген  биіктігі  пирамиданың   апофемасы  деп  аталады. 
               №1 
Пирамиданың  табаны- қабырғасы  4 см-ге  тең  квадрат, бүйір жақтағы биіктігі   / апофемасы /   5 см  болатын  теңбүйірлі  үшбұрыштар.Пирамиданың  толық  бетінің  ауданын  есептеу  керек. 
Шешуі: S толық б.= S бүйір б.+ S таб.
 
S бүйір б= 1/ 2  рһ
S таб= а2   = 16 см 2
S бүйір б= 1/ 2 рһ= ½ * 16см*5 см=40 см.кв
S толық б.= S бүйір б.+ S таб. = 
 = 40 см 2+ 16 см 2= 56 см кв.
       Адамзаттың  таңғаларлық  істерінің  бірі –Мысыр  пирамидалары. Олар б.з.д.  үш  мың  жыл  бұрын  тұрғызылған.  Пирамидалар  тас  блоктардан  баспалдақ  етіп  салынған.
    Кей деректерде  гректің   пирамис  немесе  пирамидос терминдерінен  алынған                                                                                                                                                                                                                                                                              
десе, кейде   «пирамида»  термині  гректің « пир»- жалын  деген  сөзінен  алынған  дегенді  айтады.  Осы   себепті  ХVІ  ғсырдағы  кейбір  оқулықтарда   пирамиданы  « жалын  тәрізді  дене »  деп те  атаған. Шындығында  пирамида  жанып  тұрған  жалын    формасы  сияқты. Медицинада  қолданылатын  пирамидон  дәрісі,  сонымен  қатар  күнделікті  қолданылатын  примус  та  сол  мағынаны  білдіреді. 
                                №2
Дұрыс  пирамиданың  табаны – қабырғасы 6 см-ге тең үшбұрыш.  Пирамиданың  апофемасы 10 см. 
Осы  пирамида  табанының,  бүйір  бетінің  және  толық  бетінің  ауданын  есептеу  керек. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 3370 | Теги: Пирамида туралы қазақша, презентация, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]