Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Педагогтың кәсіби өсу шарты слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Педагогтың кәсіби өсу шарты слайд,презентация

 

 

Ешкім  басқаға  өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса,   басқаларды  дамыта, тәрбиелей, білім  бере  алмайды. 

                             А.Дистервег  
Қазақстан  Республикасы   «Білім» туралы  Заңының  51  бабының  
5- ші тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық    шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»- делінген.
    
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Өздігінен   білімін    жетілдіру –саналы   түрде   дербес шұғылданатын    танымдық қызмет.
  Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?

Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің  іс -әрекетінің  спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз  білім  беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар  қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:
-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.
-творчествоны қалау.
-заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен өсуі.
-қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер.
-бәсекелестік.
-қоғамдық пікір.
-материалдық  ынталандыру.
-ынта-ықылас.
Өздігінен  білімін  жетілдіру  процесінде педагог   қолданатын  іс-әрекеттер:

-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау;
-өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;
-бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар;
-бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау;
-алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.
Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің кәсіби өсуі мен  жетілуіне  байланысты бағдарлама әзірлеу  болып  табылады.
Бағдарлама жасау принциптері:

-ғылымилылық,  болжамдау;
-өзектілік;
-оңтайлылық;
-шынайылық;
-тұтастық;
-бақылау мүмкіндігі.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 4963 | Теги: Педагогтың кәсіби өсу шарты, презентация, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]