Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Параллелограмның ауданы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Параллелограмның ауданы слайд,презентация

 

 

 
Білімділік: Параллелограмм ауданы бойынша алған білімдерін тиянақтау, параллелограмм ауданынын табу формулаларын есептер шығару  арқылы бекіту. 

Дамытушылық: Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Өз ойын қорыта отырып,  толық жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін  жетілдіру. 

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
2. Ой қозғау: Біліктілік сайысы
3. Тарихи мағлұматтар
4. Математикалық диктант
5. Есептер шығару
6. Перфокартамен жұмыс
7. Тест орындау
8. Семантикалық карта
9. Үйге тапсырма
10. Сабақты қорытындылау
       «Параллелограмм» грек сөзі. Проклдың жазуынша, оны Евклид енгізген. Параллелограмм түсінігі және параллелограмның кейбір қасиеттері пифагорлықтарға да белгілі болған. Евклидтің «Бастамаларында» мына теорема дәлелденген: «Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары және қарама-қарсы бұрыштары тең, ал диагоналі оны тең екі бөлікке бөледі». Параллелограмдардың толық теориясы орта ғасырлардың аяғына қарай талданып, XVII ғасыр оқулықтарында көрініс тапты. Параллелограмдар туралы теоремалардың бәрі де тікелей немесе жанама түрде Евклидтің параллельдік аксиомасына негізделген.

Кез келген төртбұрыш параллелограмм бола ала ма? 
Кез келген  параллелограмм  төртбұрыш бола ала ма? 
Кез келген квадрат тік төртбұрыш бола ала ма? 
Кез келген тік төртбұрыш квадрат бола ала ма ? 
Кез келген ромб параллелограмм бола ала ма ? 
Кез келген параллелограмм ромб бола ала ма ? 1. Суретте қай сызба   параллелограмм ?        

 

             А)                                   Б)                                          В) 
2. Егер параллелограмның диагоналдары тең болса, онда ол 
       А) тек қана квадрат                   Б) квадрат немес тік төртбұрыш
       В) тек қана тік төртбұрыш       Г) кез келген төртбұрыш

3. Егер параллелограмның диагоналдары тік бұрыш жасап қиылысса, онда ол             
    А) тек қана ромб                         Б) ромб немесе квадрат
    В) кез келген төртбұрыш           Г) тік төртбұрыш

4. Тік төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы:
        А) 1800;                Б) 900 ;               В) 3600 ;                     Г) 7200
 
5. Егер тік төртбұрыштың бір қабырғасы 10см, екіншісі 20см  болса, онда оның периметрі тең 
       А) 10 см;              Б) 20 см;        В) 30см;            Г) 60см

6. Егер параллелограмның қабырғалары 3см  және 5см болса, онда олар
      А)көршілес Б) қарама-қарсы  В) кез келген Г) сыбайлас

7. Егер параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1000 болса, онда бұл бұрыштар
       А) көршілес Б) қарама-қарсы   В) кез келген  Г) іргелес

 


Диагональдары тең және өзара перпендикуляр  төртбұрыш квадрат бола ала ма? 
                                                   

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 2702 | Теги: презентация, Параллелограмның ауданы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]