Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Параллель түзулер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Параллель түзулер слайд,презентация

 

 

Бір жазықтықта жататын бір- бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. ||-параллельдік белгі.    a ||b Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель  Параллель түзулерде жатқан кесінділер де өзара параллель болады 
Параллель түзулердің негізгі қасиеті: 
Түзудің бойында жатпайтын бір 
нүкте арқылы сол түзуге бір ғана 
парралель түзу жүргізуге болады 
Теорема . Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу параллель болады
Берілгені
а//с, в//с
Дәлелдек керек: а//в
Дәлелдеу. Кері жоримыз, а//в болмайды делік, олар  қандайда бір М нүктесінде қиылысады. Онда М нүктесі арқылы с түзуіне // екі а мен в өтеді. Бұл түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана парралель түзу жүргізуге болады деген аксиомаға қайшы. Біздің ұйғаруымыз дұрыс емес. Яғни а//в. Теорема дәлелденді.
2 мен   6,  1 мен  5  ішкі айқыш бұрыштар
3 пен  7,   4 пен  8 сыртқы айқыш бұрыштар
1 мен   2,  5 пен   6 ішкі тұстас, ал   3 пен   8,  4 пен   7 – сыртқы тұстас бұрыштар
1 мен  3,   6 мен   4,  2 мен   8,  5 пен  7 -сәйкес бұрыштар
Түзулердің параллельдік белгілері: 
Теорема -1. Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.
Теорема -2. Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын айқыш бұрыштар тең болса, онда бұл түзулер параллель болады
Теорема -3. Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда 1) ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180◦- қа тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады

1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
2. Екі түзуді үшінші бір түзу қиғанда қандай бұрыштар
    пайда болады?
3. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге 
    параллель неше түзу жүргізуге болады?
4. Егер түзу берілген түзулердің әрқайсысына параллель болса, 
онда қандай түзулер берілген?

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 9644 | Теги: Параллель түзулер, презентация, слайд | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]