Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Осьтік симметрия слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Осьтік симметрия слайд,презентация

 

 

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларды симметрия түрлерімен таныстыру, түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, әдемілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Қайталау сұрақтары:
1. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
2. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?
3. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
4. Берілген түзуге жатпайтын бір нүкте арқылы түзеге параллель неше түзу жүргізуге болады?
5. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады?

      Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
В. Координаталық жазықтықтағы А(2;6) нүктесіне:
Ординаталар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар;
Абсциссалар осіне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар.
С.  АВС тең бүйірлі үшбұрыштың В төбесі арқылы өтетін  k түзуі – оның симметрия осі. А төбесінің симметрия осінен қашықтығы 3,5 см. ВС қабырғасының ұзындығы 9 см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.
 Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Тест
 Осьтік симметриялы фигураны тап:
а) шеңбер;       ә) сәуле;       б) төртбұрыш.
 Осьтік симметрияға жатпайтын ою-өрнекті тап:
а) қошқармүйіз;        ә) жұлдыз;       б) балта.
 Квадраттың неше симметрия осі бар?
а) 2;        ә) 4;        б) 1.
 Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше үшбұрышқа бөледі?
а) 5;        ә) 3;        б) 8.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 2229 | Теги: презентация, Осьтік симметрия, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]