Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 22.8.2017
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару слайд,презентация

 

 

 


Сабақтың тақырыбы:
«Ортақ көбейткішті жақша  сыртына шығару» тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру (рөлдік ойын).
3.Өткен  сабақты пысықтау 
а)ауызша жаттығулар ә) тест жұмысы
4.Брейнг-ринг оқыта,үйрету ойыны (деңгейлік тапсырма)
5.Сергіту сәті.
6.Есептер шығару.(оқулықпен жұмыс)
7.Қызықты есептер.
8.Үйге №220
9.Бағалау.
1)Берілген өрнектерді түрлендіруде, теңдеулерді шешуде ережелерді пайдаланып,ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара білу.
2)Оқушылардың ойлау,ауызша есептеу,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3)Оқушыларды дәлдікке,тапқырлыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: 
тест есептері жазылған карточкалар,деңгейлік тапсырмалар жазылған карточкалар,ауызша есептержазылған плакаттар,
-көк               -  қызыл                    -  жасыл  жетондар
«4»-баға               «5»-баға        3»-баға
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын ,қатысуын тексеру.
№215 есеп (шығармашылық жұмыс өткен тақырып бойынша 
5- тест құрастыру.)
Үй тапсырмасын тексеру кезінде рөлдік ойын қолданамын.Онда сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін.
Әр топта «сыншы», «сарапшы», «қорғаушы» және тапсырманы орындаған оқушыға өз пікірлерін білдіреді,яғни тапсырманың қалай орындалғанын айтады.
Жауап парағы бойынша тексеріледі.Топ жетекшілері өздері бағалау парағына әр оқушының бағасын қояды.
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау.
а)Оқушылардан мынандай ережелерді сұраймын.
1.Бірмүше,көпмүше (анықтамалары)
2. Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
3.Ортақ көбейткішті жақша сыртына қалай шығарамыз?
Мысалмен түсіндір.
ІҮ. Брейнг-ринг оқыта,үйрету ойыны
Сынып оқушылары 4 адамнан топтарға  бөлінеді.Үстелдің үстінде 4 бөлікке бөлінген жаймалар.Осы жаймалардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар.В деңгейінде берілген тапсырмалар. Астында С деңгейіндегі оның үстінде В деңгейде берілген есептер одан кейін  А (міндетті деңгей) берілген есептер қойылады.Топтар бір уақытта ойнайды.
Ең алдымен А деңгей бойынша берілген есептерді бірден дайындықсыз жауап беруге тиіс.
Қалған тапсырмаларға дайындалуға уақыт беріледі.
Ойын арасында әрі ойыншылар,топ жетекшілер жетондар мен бағалайды.
         Ү.Сергіту сәті. 1 оқушы ортаға шығып, сергіту сәтін жасатқызады. Атадан он баламыз, Әрбір жастан арамыз Қосылып кейде басымыз Азайып кейде қаламыз Көбейіп те аламыз Бөлініп те қаламыз.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 2093 | Теги: презентация, Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығ, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]