Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу слайд,презентация

 

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Оқытудың формасы: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, қазақ тілі, информатика, геометрия

Сабақтың көрнекілігі:1. Слайд-презентация 
                2. Гүл, жапырақ қималары
                3. Семантикалық карта
                4. Жетондар «Жасыл ел»
а) Сәлемдесу; ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау; б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру; г) Назар аудару; д) «Көтеріңкі көңіл күй» атты психологиялық тренинг. Бүтін менен бөлшекті,
Үтірменен айырған.
Әп-әдемі жазылар,
Айтыңдаршы, 
қандай сан?
«Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауы бойынша қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
«Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруге ықпал ету.
Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; ондық бөлшектерді көбейту және бөлу амалдары бойынша біліктіліктерін  дамыту.
Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: 
    Табиғатқа визуалды түрде серуен жасау арқылы,     оқушының пәндік білімін жетілдіру. 
«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа шырша, емен, қайың ағаштарын отырғызды. Шырша ағашы отырғызылған ағаштардың 0,36 бөлігін, емен ағашы 0,12 бөлігін құрайды. Отырғызылған қайын ағашы емен ағашынан 60-қа артық. Саябаққа барлығы неше ағаш отырғызылды? 
Барлық ағаш – х
Шырша – 0,36 х
Емен – 0,12 х
Қайың – 0,12 х + 60
Барлығы қанша ағаш-?
0,36х+0,12х+0,12х+60=х
0,6х+60=х
х-0,6х=60
0,4х=60
х=60:0,4
х=150
Жауабы: 150 ағаш отырғызылды. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 2279 | Теги: презентация, Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]