Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Математика сабағында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелеу слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Математика сабағында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелеу слайд,презентация

 

 

мақсаты:математика сабағында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелей отырып,әрбір оқушының өмірдің мәнін түсіну,өзін-өзі тану және өзін-өзі іске асыру қажеттілігін түсіну үшін жағдай туғызу;өз ойына,сөзіне,іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын,табысты еңбек етуге дайын үйлесімді адамды тәрбиелеу.
 Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
Әл-Фараби.
XXI ғасырдың жан-жақтан зерделі дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында екенін ескетсек, қазіргі кездкгі мемлекеттің негізгі міндеті заман талабына сай, жан-жақты дамыған, туған жерін, Отанын сүйетін, ұлтжанды, саналы, ғылым мен білім негізін бойына дарытқан, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару. Жас ұрпаққа тәрбие және білім беру – педагогика ғылымының негізгі катагориялары. Бірақ осы екі ұғымды бірге  алып қарастырғанда ғана өздерінің толық мәнін мақсатын айқын аша алады, себебі, осы екі категорияның басты нышаны – Адам.
Білім мен тәрбиенің өзара үйлесімді жүргізілуі нәтижесінде ғана оқушыны білімдар, тағылымы мол, ақыл-парасаты биік азамат етіп қалыптастыра аламыз. Олай болса, бүгінгі күн талабында педагогиканың қуатты рухани қазынасы тәрбие процесін әрбір пәнді оқыту кезінде тиімді пайдалану – жас ұрпақтың бойында мәдени қалыптастыруды көздейді «туған кезінде болмайтын, өсе келе бізге керек болатын қасиеттердің бәрі тәрбиемен келеді» - дегендей, дамуы, жаңаруы жағдайында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ерекше. Мен математика пәнінің мұғаламімін. 2010 жылдың наурыз айында «Өзін-тану» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дамыту институтында өз білімімді көтердім.      Математика сабағында «өзін-өзі тану» бағдарламасының элементтерін пайдалану, өз сабағымның қызықты өтуіне және оқушылармен қарым қатынасымды өзгертуге, оларды және өзімді түсінуіме көп әсер етті. Әрбір тақырыпты меңгеруде сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Мысалы: 1-сабақтағы оқу материалдарының логиканың құрылымы: 1.  «Шаттық шеңбері» мұнда «сәлем - сөздің атасы» дегендей оқушылрмен шаттық шеңберін де тұрып сәлемдесеміз және бүгінгі күннің және сабағымыздың жоғары дәрежеде өтуіне жақсы тілектер айтамыз. 2.  «Тыныштың сәті». Бұл кезеңде оқушылар өткен сабақта алған білімдері бойынша қойған сұрақтарға өз ойын жинақтайды, өзінің ішкі «менін» түсінеді. 3.  Әңгімелесу арқылы балалардың алғашқы білімдерін анықтаймыз. Сұрақ-жауап арқылы қарым-қатынаста әрбір оқушы өзініңпікірін айта алады, тақырыпқа өз көз қарасын білдіре алады және өзін толғандырған сұрақтарға жауап іздейді. 
4.  «Жаңа тақырып бойынша шағын ақпарат». Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша кідіріспен, сахналау элементтері арқылы әңгімелейді, ал оқушы тыңдайды, туындаған сұрақтарға жауап алады.
5.  «Шығармашылық жұмыс». Есептер шығару барысында бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ұқыптылық сияқты адами қасиеттердің қалыптасуына, өз пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерлігін дамытуға  мүмкіндік береді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (03.06.2014)
Просмотров: 1020 | Теги: презентация, Математика сабағында оқушыларды ұлт, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]