Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Архиваторлар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Архиваторлар слайд,презентация

 

 

Ақпартты  сығу туралы басты мағұлыматтар беру және  ақпаратты сығаттын бағдарламалармен таныстыру.

Оқушыларды архиваторлар түрімен  таныстыру;  файлдарды мұрағаттау және мұрағатқа  орналастыруды үйрету.

Ақпаратты қорғау  туралы түсінік беру және оларды қалай қорағау керектігін түсіндіру

Вирустарға деген түсініктерін қалыптастыру және оларды емдейтін бағдарламалармен таныстыру


Қатты  дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.
Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.
   Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.
Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.

Мұрағаттан алу – бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.
   
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар (ахиваторлар)  деп аталады.
   
Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметті – файлда қайталанып тұратын фрагменттердің орнына ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қолынға келтіретін мүмкіндікті пайдалану.  Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ART, RAR, PKZIP, PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға еңгіділген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдің бақылау коды болады.
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" болады. Алдымен соны анықтау керек. 
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді.  Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді де "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.Осыған қарсы әрекет жолдарын нақтылау керек.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.Осыдан басқа программалардың жұмыс істеу қызметі нашарлап, баяулайтынын анықтау .

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (26.11.2014)
Просмотров: 2389 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]