Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Жетіқарақшы шоқжұлдызы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жетіқарақшы шоқжұлдызы слайд,презентация

 

 

 

Мыңдаған жылдар бұрын жарық жұлдыздарды әр түрлі пішіндерге  біріктірген, оларды шоқжұлдыз деп атаған.
Жетіқарақшы (лат. Ursa Major) — аспанның Солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз (картаны қараңыз). Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. 
Жетіқарақшыны зерттей келе оның бір айда 30 ◦-қа ауытқиды. 
Сонымен қатар ол 1 тәулікте Темірқазықты түгел айналып шығады.
1 жылда Жетіқарақшы өзін 1 рет айнала отырып тағы 5 ◦-қа бұрылады.


Жетіқарақшының сағат тіліне қарсы бағытта айналғандықтан, уақытты мына құралмен анықтауға болады  
Жеті қарақшы немесе Жетіқарақшы (орыс.: Большая Медведица, лат.: Ursa Major, ағыл.: Great Bear (Big Dipper)) — аспанның солтүстік жартышарында орналасқан, көкжиектен төмен батпайтын жеті жұлдыздан тұратын жұлдыздар тобы, яғни, шоқ жұлдыз. Оның Үлкен Аю деген екінші атауы да бар.  Жеті қарақшы жұлдыздары сабы бар ожау (шөміш) тәрізді болып орналасқан. Құрамындағы жұлдыздар (ретімен): Дубхе, Мерак, Фекда, Мегрец, Алиот, Мицар (Алькор) және Бенетнаш (Алькаид). Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактилар мен планетарлық тұмандар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды. Ондай қашықтыққа тек адамның жүйрік ойы ғана жетеді. Көне грек елінде Жеті қарақшы бағытты анықтауға қолданылған. Олар оны “Гелика (қабыршақ)”, “Арктос (аю)” деп атаған. Б.з.д. VIII ғасырды өмір сүрген көне грек ақыны Гомердің шығармаларында шоқ жұлдызға қатысты сөздер болған.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (01.03.2015)
Просмотров: 1140 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]