Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Өзбекстан туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Өзбекстан туралы слайд,презентация

 

 

Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария,Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Ө. аумағы Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңтүстік Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды. Климаты тым континенттік, қуаң.
Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит)егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер – Соғды, Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330 – 328 жылдары өлкеге Македонский шапқыншылық жасады.
Спитамен , Сыпатай (шамамен біздің заманымыздан бұрын 345 – 326) – сақ қолбасшысы. Әкесі соғдылық, шешесі сақ қызы. Әкесі жас кезінде гректерге тұтқынға түсіп, Афинаға құлдыққа жіберілді. Спитамен Афинада скиф жасағының құрамында тәрбиеленді. Ол Александр Македонскийдің Азияға жорығы алдында сақ даласына қайтып оралды. Спитамен македон басқыншыларына қарсы 3 жыл бойы партизандық соғыс жүргізді. Әсіресе біздің заманымыздан бұрын 329 – 328 жылдары Спитамен басшылығымен сақтар соғды жерінде Македонскийге күшті қарсылық көрсетті. Ежелгі грек тарихшысы Арриан Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылда грек-македон әскерлері қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті. Сақтар грек гарнизоны орналасқан Марқандты (Самарқанд) қоршауға алды. Македонский көмекке әскер жіберді. Спитамен шегінген сыңай танытты. Гректер “қорқып қашқан көшпелілердің соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кішкентай аралға қарай қашты. Бұл жерде скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да садақпен атып, түгел қырып салды”, – деп жазады Арриан. Сақтар Македонскийдің ірі әскери бөлімдерінің бірін осылай талқандады. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 850 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]