Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Өзбекстан Республикасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Өзбекстан Республикасы  слайд,презентация

 

 

Өзбекстан, Өзбекстан Республикасы өз. O‘zbekiston Respublikasi — Орталық Азияда орналасқан мемлекет. •    Жер аумағы – 447,4 мың км2. •    Халқы – 24,2 миллион (2004). Негізгі халқы – өзбектер (74,8%), онан басқа орыстар (6%), қазақтар(5,1%)тәжіктер (4,8%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. •    Мемлекеттік тілі – өзбек тілі. •    Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. •    Астанасы – Ташкент қаласы (2,1 миллион адам). 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ.Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді. •    Ұлттық мерекесі – 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. •    Ақша бірлігі – сум. Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер – Соғды, Хорезмтайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғасырларда ел аумағыАхемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттыңжазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330 – 328 жылдары өлкеге Македонский шапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдердеБактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғасырдың ортасында құрылып, түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанатықұрамында болды. 
. 7 ғасырда ел аумағы Батыс түрік қағанатынабағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды. Бірақ 7 ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппайислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. 9 ғасырдың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағындаСамани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. 10 – 12 ғасырларда ел аумағында Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті кезек-кезек билікке келді. 12 ғасырдың 2-жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғасырда өзбек жеріШыңғысхан империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. 14 ғасырдың 2-жартысындаӘмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя курды

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (10.03.2015)
Просмотров: 2940 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]