Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Қырғызстан слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қырғызстан слайд,презентация




Жерінің ауданы – 199,9 мың км².
Халқы – 5,1 млн адам (2004 ж.)
Астанасы – Бішкек.
Мемлекеттік құрылымы – республика.
Мемлекет басшысы – президент.
Заң шығарушы орган – парламент.
Мемлекеттік тілі – қырғыз тілі.
Ұлттық валютасы – сом.
Қырғызстан – Тянь-Шань және Памир-Алай таулары аралығында орналасқан.
 Солтүстіктен оңтүстікке 454 км, ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр.Мемлекеттің шекаралары, негізінен, таулар арқылы өтеді. Жерінің 75%-дан астамын тау жоталары алып жатыр. Ең биік жері - Қоңгур шыңы(7439 м)
Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі – Жеңіс шыңы (7439 м) орналасқан. Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу, Ыстықкөл, Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады. Таулы аудандар қуаты 8-10 балдық күшті жер сілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан. 
Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.
Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіледі. Ең ірі өзені – Нарын, сондай-ақ Шу,Шатқал,Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады.
Ыстықкөл — Орта Азияның ең ірі көлі, ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 6280 км2, ұзындығы 182 км-ге созылып жатыр. Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералдыбұлақтар да өте көп.
Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металлдардың (молибен, мыс, сурьма). Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибен, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тау алды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр және тас көмір, мұнай қоры барланған. Көптеген кен орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады.
Қырғызстан – Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Өңделетін жерлердіңбасым көпшілігі Шу облысында шоғырланған,оның 25%-ы шабындықтарың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді. 
Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тау алды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-стті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде көп (300 мың бас).Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны – қымыз дайындалады.  Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар өсіретін шаруашылықтар бар.






Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 3429 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]